Құнанбайұлы, Абай. Жыл мезгілдері [Мәтін] / Абай Құнанбайұлы; сур. Б. Машрапов. – Алматы: Жалын, 1991. – 16 б.

Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат – адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған. Абайдан бұрын табиғат көрінісін мұншалықты шебер, терең һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес.
Абай әсіресе, жылдың төрт мезгілі туралы жазған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз, көшпелі ауылдың, ескі қоғамдық қарым-қатынасын кейбір күңгірт белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз дәуірінің айнасы боларлық сұлу шығармалар.

img100
img101

Құнанбаев, Абай. Шығармалары [Мәтін] : өлеңдер мен аудармалар. Т.1. / А. Құнанбаев. – Астана: Фолиант, 2011.- 456 б.- (Алтай-Ертіс кітапханасы).

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларының екі томдық толық жинағының қолдарыңыздағы бірінші томына 1855 жылдан 1996 жылға дейінгі жазған өлендері мен аудармалары топтастырылды.

img119
img120
img121
img122
img124
img125

Құнанбаев, Абай. Сен де бір кірпіш дүниеге [Мәтін]: өлеңдер мен қарасөздер / А. Құнанбаев. – Алматы: Атамұра, 2014. – 288 б. – («Атамұра» мектеп кітапханасы).

Хакім Абайдың асыл мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретін баға жетпес қазына.
Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынның шығармаларын кейінгі толқын көкірегіне тоқып, көңіліне шамшырақ етіп алары сөзсіз.

img085
img087
img088
img089

Абай туралы естеліктер [Мәтін] : Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің қорынан / құраст. Б. Жүнісбеков. – Алматы : Қаламгер, 2018. – 504 б.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы туралы естеліктер жинағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұлы ақынның ЮНЕСКО аясында өткен 150 жылдық мерейтойында жасаған «Абай туралы сөз» баяндамасымен, немере інісі Әрхам Кәкітайұлы мен туған ұлы Тұрағұл Абайұлы және замандас шәкірті, көрнекті ақын Көкбай Жанатайұлының, абайтанушы, шежіреші Ниязбек Алдажаровтың естеліктерімен ашылған. Кітаптан сонымен қатар Абайдың ұрпақтары мен ақындық айналасының естелік әңгімелерімен таныса аласыздар.
Кітап ғалымдарға, әдебиет пен мәдениеттанушыларға, жоғары және орта мектеп оқытушылары мен мұғалімдеріне, студент-жастарға, қалың жұртшылыққа арналған. Жарияланып отырған мақалалар ұлы ақынның данышпан, білімдар, адамгершіл, әділетті, сондай-ақ туған қазағын қалтқысыз сүйген елжанды тұлғасын жан-жақты тани түсуге көмектеседі және туған халқының дара туған дана перзентіне деген сүйіспеншілігін паш етеді.

img115
img116
img117

Құнанбаев, Абай. Қалың елім, қазағым… [Мәтін] : өлеңдер / А. Құнанбаев. – Алматы : Атамұра, 2002. – 224 б. – (Атамұра кітапханасы)

Ұлтымыздың ұлы перзенті – хакім Абайдың бұл жинағына біршама өлеңдері іріктеп алынды. Өз заманынан оза туған ақынның терең ойлары мен асыл сөздері келешек заманаларда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.
Қалың оқырман қауым Абай сөздері арқылы өз жүрегіне, өз табиғатына тағы бір үңіле түседі деп сенеміз.

img126
img127
img128
img129