Абайдың туған жері, өскен ортасы [Мәтін] = Абаевские места. - Алма-Ата : Жазушы, 1971. - 35 б «Жазушы» баспасынан 1971 ж. қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген түрлі-түсті суретті кітапша. Авторы - Қ. Мұқаметханов. Кітапша «Семей», «Абай аулына сапар», «Ақын атындағы ауданда», «Жидебай» деген тараулардан турады. Онда Абай тағдырында өшпес із қалдырған Семей қаласының тарихы көркем баяндалып, ақынның өмір жолына қатысты мәдени орындарға шолу жасалады. Абай атындағы ауданның шаруашылығы, мәдени тұрмысы, айналысатын кәсіптері жайында нақты деректер келтірілген. Ақын қыстауы - Жидебайдың әсем табиғаты, өзен-көлдері, таулары сөз болады. Басылым түрлі-түсті суреттермен, белгілі адамдардың портреттерімен айшықты безендірілген. Кітапша туристерге, көпшілік оқырманға арналған. Сыздықова, Рәбиға. Абайдың сөз өрнегі [Мәтін] : монография / Р. Сыздықова. - Алматы : Санат, 1995. - 208 б. Кітапта Абай тілінің көркемдік бітімі сөз болады. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі!» сала алмайтын сөз өрнегін толғауы тоқсан қызыл тілмен салудың құдіретін танытқан ұлы Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі талданады. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай өлеңдері мен поэзиясындағы көрінісі, ондағы дәстүрлі нормалары мен Абай ұсынған жаңалықтар танылады. Абайдың поэтикалық тіл үлгісінің жалғасын тапқандығы Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым өлеңдерін ішінара талдау арқылы көрсетіледі. Кітап Абайдай сөз алыбының «жүрекке жылы тиетін» көрікті тіліне сүйсіне түскісі келетін студенттер мен ұстаздарға, сондайақ поэтикалық тіл дегенді танытушы ақын-жазушылар мен ғалым мамандарға арналады. Ысмағұлов, Жұмағали. Абай: даналық дәрістері [Мәтін] / Ж. Ысмағұлов. - Алматы : Өнер, 2007. - 400 б. Кітапта ұлы Абайдың бүкіл шығармашылық мұрасы тұтастай алынып, түгел қарастырылған. Кіріспе тарауда абайтанудың ғасырлық тарихының басты-басты кезеңдері сөз болады. «Қалың елім, қазағым» атты екінші тарау патшалық бодандықтың әбден асқынған кезеңіндегі халқымыздың тарихи тағдырына, отарлық салдарынан күрт өзгеріске түскен өмір салтындағы, мінез-құлқындағы келеңсіз жайттарға арналады. Үшінші тарауда ақынның ел-жұртын сондай тығырықтан дұрыс жол тауып шығуға, елдік пен бірлікке, еңбек пен оқу-білімге, адамгершілік қасиеттерге шақырған шығармалары талданады. Одан кейінгі үш тарауда ақын лирикасындағы адам сезімінің ирімдері, Абайдың ақын мен ақындық өнер жөніндегі, өнердің адам мен қоғам өміріндегі орны туралы ойлары, оның айналасындағы ақындық мектептің қалыптасуы, қысқасы бүкіл мұрасындағы қалыптасқан жүйелі эстетикалық көзқарасы баяндалады. Абайдың аудармалары мен қарасөздерін талдап,и олардың көркемдік ерекшеліктерін салыстыра, жинақтап қарастыруға жеке тараулар берілген. Ұлы ұстаздың шығармасын зерделей келгенде ұрпақтар алдынан туындайтын екі үлкен ақиқат бар. Бірі - Абайдың өз шығармаларындағы даналық тағылымы және екіншісі - кейінгі өнерпаз ұрпақтар алдына тартылатын Абай дәстүрі, яғни оның кейінгі бүкіл ұлттық әдебиет пен өнерге тигізетін ықпалы. Еңбек ғылыми-публицистикалық тұрғыдан оқырман қауыммен сырластық түріндегі зерделеу стилінде жазылған. Мырзахметов, Мекемтас. Абайтану тарихы [Мәтін] / М. Мырзахметов. - Алматы : Ана тілі, 1994. - 192 б. - (Абай тағылымы). Белгілі абайтанушы, филология ғылымының докторы Мекемтас Мырзахмет дайындап отырған бұл кітапта ұлы Абай мұрасы, оның зерттелуі туралы жазылған құнды деректер мен архив қазыналары егжей-тегжейлі екшелеп, Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп баяндалған. Бір ғасырдай уақытта ақын мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бүгінгі күн тұрғысынан таразыланады. Бұл кітап қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, данышпаны Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай жарияланып отыр. Мұқанов, Сәбит. Жарық жұлдыз [Мәтін] / С. Мұқанов. - Алматы : Санат, 1995. - 272 б. Қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі Сәбит Мұқанов (1900-1974) кемеңгер ақын Абай Құнанбаев туралы көлемді монаграфия, бірнеше зерттеу еңбектер жазған. Жинаққа солардың таңдаулары енгізілді. Жазушы Абайтану мәселеріне, ақынның ата-тегіне, өмірі мен дүниеге көзқарасына, поэтикалық шеберлігіне тоқталады. Кітап студенттерге, көпшілік оқырмандарға арналған.