«Абай жаққан бір сәуле…»

«Абай жаққан бір сәуле…»

12 ақпан күні қазақ ағартушысы – Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай жаққан бір сәуле…» көпшілікке арналған дәріс оқылды. Осы атаулы күнге орай кітапхана қызметкерлері жыл бойы бірқатар іс – шаралар ұйымдастырады. Олардың бірі – Абайдың жеке тұлға ретінде қалыптасуы, қазақ әдебиеті мен мәдениеті үшін оның шығармашылығы мен маңыздылығы туралы көпшілік дәрістер циклі. Дәрістер қазақ және орыс тілдерінде болады.

Алғашқы дәрісті Н.Нұрмақов атындағы облыстық  дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, «Дарын» Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-10 сынып оқушылары  үшін, филология ғылымдарының докторы, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Рахимов Берік Серікбайұлы оқыды.

Дәріс барысында абайтанудың өзекті мәселелері, ақынның өмірбаяны, Абайдың ойшыл  ақын ретінде қалыптасуы, «абайтанудың» философиялық, эстетикалық және қоғамдық көзқарастары, замандастардың ақын және композитордың шығармашылығына деген көзқарасы жайлы сөз болды.

Дәріскер Абайдың көп қырлы мұрасын зерттеумен айналысатын алғашқы әдебиеттанушылар туралы: М.Әуезов, Қ.Бейсембиев, Е.Бекмаханов, А.Марғұлан, С. Мұқанов және т. б.жайлы әңгімеледі.

 

Comments are closed.