Абеуова Жанат Сейітмұратқызы
(05.02.1968)

1968 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының «Шабанбай (Қаратал)» ауылында дүниеге келген.
Қарағанды педагогикалық институтын «Тіл мүкістігі бар балаларға арналған логопед» мамандығы бойынша 1990 жылы, 2001 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қазақ тілді емес мектептер үшін қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. «Менің Қазақстаным», «Жеңіс жүзі», «Болашақ», «Анашым» өлеңдерінің авторы. «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша мектеп тренері. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курсын бітірді.
Қарағанды облысының Қоғамдық Композиторлар Бірлестігінің «Балауса әндері» дискілері мен жинақтарында басылды. «Болашақ әнұраны» өлеңі Қарағанды қаласының №17 ЖББОМ-де «Болашақ» балалар ұйымының әнұраны болды.
Жанат Сейітмұратқызының оқушылары облыстық және республикалық әдебиет сайыстарының жүлдегерлері.
Жанат Сейітмұратқызының шығармашылығы белгілі қарағандылық композитор Татьяна Касимовскаяның шығармашылығымен тығыз бірлестікте. Осы бірлестікте балалар мен жасөспірімдерге арналған талай тамаша әндер туды. Ол әндер біздің жас тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен өрлеуін баяндайды. Шығармашылық нәтижесінде «Жеңіс жүзі», « Менің Қазақстаным», балалар ұйымының әнұраны «Болашақ» және «Жан анашым» әндері өмірге келді. Әндердің сөздері қарапайым да түсінікті, тез жатталымды.
Жанат Абеуова өлең шығарумен бірге ұйымдастырушылық, педагогикалық, ғылыми жұмыстармен де айналысады. Оның «Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрі – рухани мұра» атты ғылыми еңбегі Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-де ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағында жарияланды. «Төле би – қазақтың данагөй абызы» тақырыбы бойынша жарияланымы ҚарТУ-да аймақтық-практикалық конференция жинағына кірді. Сонымен қатар «Көптілділік – көпмәдени тұлғаның қалыптасу негізі ретінде» атты жұмысы Нұр-Сұлтандағы халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарда жинаққа шығарылды. Жанат Абеуова осы жұмыстарға алғыс хаттарға ие.
Жанат Сейітмұратқызы Татьяна Касимовскаяның әніне арналған «Ұрпақ жыры» өлеңдер жинағы балалар мен жастар вокал хорының музыкалық жетекшілеріне, жалпы білім беретін мектептердегі музыка мұғалімдері мен балалармен жұмыс жасаудан тыс іс-шараларды ұйымдастырушыларға және концерттік бағдарламаларды құруға арналған.
Қазіргі кезде Жанат Сейітмұратқызы Қарағанды қаласының №17 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен оқытады, балалармен танымдық қызығушылықты дамыту бағытында жұмыс істеп, ғылыми жұмыстар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
2021 жылы композитор Қанат Мерсалимовпен бірігіп «Астана – бас қала» атты ән жазды.

1
2
3
4