Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заңым

Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заңым

Кітапханада 28 тамыз күні – Ата Заң Конституция күніне орай «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заңым» атты таныстыру сағаты өткізіліп, оған Таңшолпан балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шара барысында кітапханашылар Конституцияның рөлі және маңыздылығына тоқталып, Ата Заңымыздың тарихымен таныстырды.

Сондай-ақ балаларға «ҚР Конститутциясы» атты бейне ролик және слайд тамашаланып, «Қазақстан Республикасының Конституциясы» тақрыбында әзірленген әр түрлі танымдық сұрақтарға жауап берді. Кеш соңында «Ата Заң айбыным» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Comments are closed.