Ақпан 8, 2023 «Ауған соғысы – жүректегі жара» батылдық сағаты By odb-abai inЖаңалықтар Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай және жасөспірімдерді әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында 8 ақпанда «Сарыжайлау» кинотеатрының қонақ бөлмесі залында ауған соғысына қатысқан ардагер-жауынгерлермен «Ауған соғысы – жүректегі жара» атты батылдық сағаты өтті. Бұл кездесуге Ауған соғысының ардагерілері Қ.Тынымбаев, С.Сахнов, С.Тоқтарбеков, Н.Маханов және А.Жұматаев қатысты. Іс-шара барысында оқушылар ауған соғысы жайлы түсірілген «Қара майор» атты фильмді тамашалап, әрі ардагерлердің ауған соғысы жайлы әңгімелерін ұйып тыңдады. Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы айтып берді. Ал 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күні ардагерлер үшін тамаша мейрам бола тұра, дәл сол күн осы қасіретті соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлерді еске алу күні де болып табылады. Сондықтан да іс-шараға қатысушылар соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл кездесуден оқушылар ешқашан ұмытпастай тамаша әсер алып қайтты.