All posts by odb-abai

Себет

«Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағы Шарль Перроның «Қызыл телпек» ертегісін талқылаудан басталды, содан кейін балалар түрлі-түсті қағаздан әдемі себет жасады.

«Алабұға аулаған күн» әдеби ойын

Кітапханада күні кеше атап өтілген 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Қарағанды облысының тілдер дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастырумен балалар жазушысы Толымбек Әбдрайымның «Алабұға аулаған күн» атты шығармасы бойынша әдеби ойын өткізілді.
Іс-шараға келген Н.Әбдіров атындағы ЖББМ-тің 7 сынып оқушылары жазушының «Алабұға аулаған күн» әңгімесі бойынша берілген тапсырмаларды үш топқа бөлініп орындап әдеби ойынға белсене қатысты.
Аталмыш шараны Ресурстық тіл орталығының оқытушысы Мерей Хурман жүргізді.

«Француз ертегілерінің сиқыры» шығармашылық ательесі

Кітапхана Қарағандыдағы Француз альянсымен бірлесіп «Француз ертегілерінің сиқыры» атты шығармашылық ательесі өткізді. Аталмыш шара барысында қатысушылар француз халқының ертегілері бойынша ұйымдастырылған квиз ойына қатысты.

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» кітап көрмесі

Қазақстан халқының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Абай атындағы кітапхананың оқу залында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың сан алуандығын ашатын кітаптардың қатарында: «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы», «Қазақстан халқы», «Ортақ шаңырақ астында», «Корейцы Казахстана», «Польские певцы Казахстана» және т.б. қойылды. Көрме мемлекетіміздің ұлтаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөніндегі саясатын көрсетеді.
Кітап көрмесі оқырмандар назарына 22 сәуірден 3 мамырға дейін ұсынылады.

«Книгокиномания» клубы

Кітапханада «Книгокиномания» клубының мүшелері 1999 жылы шыққан британдық режиссер Марта Файнстың дебюті «Онегин» фильмін тамашалады.
Фильм Александр Пушкиннің «Евгений Онегин» өлеңдері желісімен түсірілген. Жиынға қатысушылар кітап пен филімнің айырмашылығын талдап өз ойларын білдірді.

«Free Style» арт-шеберханасы

Чокер – қазіргі таңда заманауи әрі сәнді бұйым түрі. Кітапханада өте майда дөңгелек, қырлы, төрт бұрышты, ұзынды-қысқалы сан алуан моншақтарды қолдана отырып чокер (моншақ) жасау бойынша шеберлік сабағы өтті. Қыз балалар өз фантазияларындағы әдемі чокерлерді жасап, өздеріне естелікке алды.

«Көңілді ағылшын»

Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Clothes. Киімдер» тақырыбында өткізілді. Балалар «What are you wearing?» қызықты ойынын ойнап, түтікшенің көмегімен киім атауларын құрау арқылы үстіне киген киімдерді ағылшын тілінде әңгімелеп айтып берді. Сабақ соңында балалар тақырыпты пысықтау мақсатында «Today I am wearing clothing» әнін айтты.
Балалар үшін сабақ қызықты өтті.

«Шәкәрім жүріп өткен ізбенен….» шығармашылық кеш

Кітапхана қызметкерлері Қарағанды медицина университеті ұйымдастырған ҚР ҰҒА – ның академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР суретшілер одағының мүшесі М.Т. Әлиакпаровтың «Шәкәрім жүріп өткен ізбенен….» атты шығармашылық кешіне қатысты.
Кітапхана атынан кеш иесіне кітапхананың 70 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Қарағанды балалардың рухани ордасы» және «Абай» (өлеңдер, аудармалары, поэмалары) атты кітаптарды тарту етті. Абай атындағы балалар кітапханасы қорына Мақаш Тыныштықпайұлы Әлиакпаров «Шәкәрім» атты сурет альбомына қолтаңба жазып, табыстады.

 

«Eurasian Book Fair-2024» VIІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі!

Астанада 17-21 сәуір аралығында Конгресс Орталығында «Astana Eurasian Book Fair – 2024» VII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы. Бес күн бойы Түркия, Ресей, Иран, Өзбекстан, Қазақстан компаниялары өз өнімдерін ұсынады.
17 сәуірде біздің кітапхана қызметкерлері бұл іс-шараның ашылу салтанатына қатысты. Белгілі қазақстандық ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгерееваның «Менің Фаризам» және Дархан Қыдырәлінің «Мұстафа» кітаптарының таныстырылымында болды.
Жәрмеңкенің бағдарламасы бай әрі қызықты болды: түрлі дәрістер, көрмелер, интерактивті алаңдар, шеберлік сыныптары өткізіліп, көптеген баспалар мен кітап дүкендері өз өнімдерін ұсынды.
Мұндай шаралар кітапханашылар үшін өте маңызды. Олар бізге жаңа кітаптардың үлкен ағысын шарлауға және оқырмандарымызбен «бір толқында» болуға көмектеседі.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» дауыстап оқу

Кітапхана қызметкерлері «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында кезекті дауыстап оқуды ұйымдастырды.
Биыл жазушы, ақын, қазақ сатирасының классигі Оспанхан Әубәкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай «Нового телевидения» жүргізушісі Ермек Фариза оқырмандарға Оспанхан Әубәкіровтің «Жабақ туралы әнгімелер» кітабынан әңгімелерді дауыстап оқып берді.
О. Әубәкіров балаларға арналған, өлең-жыр, ертегі, пьеса жазған. Ең алғашқы кітабы «Қоңырау» деген атпен 1960 жылы жарық көрген. Балалар мен ата-аналар әзіл-сықақ толы әңгімені ынта қойып тыңдады.