«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Тамшы сырға» жасау тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі сырғаны проволка, қысқыш құралдар пайдаланып, ашық әрі нәзік түсті майда моншақтардан жасап үйренді.

 

Экскурсия

Бүгін кітапханада балаларды кітап оқуға тарту және қызығушылығын артыру мақсатында №16 жалпы білім беретін мектебінің 1 «Д» сынып оқушыларына экскурсия өткізілді.
Балалардың назарына түрлі балалар журналдары, энциклопедиялар, иллюстрацияланған кітаптар ұсынылды. Оқушылар кітапханаға қалай жазылуға және кітаптарды үйге алуға болатындығы жайлы кеңес алды.
Экскурсия соңында балалар ертегілер бойынша викториналық сұрақтарға жауап беріп, ертегідегі «15 айырмашылықты тап» ойынын ойнады.

Мектептерді аралау

Абай атындағы балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында кітапхана мамандары №64 «НОМ»-тің 5-8 сынып оқушыларына танымдық экскурсия өткізді.
Кітапханашы жаңадан түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасап, кітапхананың қызметі жайлы бейнеролик көруді ұсынды. Балалар клуб пен үйірмелердің сабақ кестесімен танысып, оқушылар «Ертегілер әлемі» интерактивті ойынына қызығушылықпен қатысты.
Сондай-ақ, қатысушылар кітапхана сайтындағы: электронды каталог, виртуалды анықтама, кітап мерзімін ON-LINE ұзарту туралы ақпарат алды.

Мектептерді аралау

Кітапхана жылдан – жылға өзінің ынтымақтастық ауқымын кеңейтіп келеді. Кітапхананың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарағанды қаласының мектептерінде кітапхананың имидждік қызметін және оқырмандар санын арттыру мақсатында танымдық сағаттар өткізіумен басталды.
Кітапханашылардың алғашқы сапары көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты жасалды.
Кітапханашылар балаларға кітапхананың құрылу тарихы және бөлімдердің қызметімен таныстырды. Балалар жаңа кітап басылымдарымен танысып, викториналық сұрақтарға жауап беріп таяу арада кітапханаға келуге ниет білдірді.

«Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» кітапханалық non-stop

25-26 қаңтарда кітапханаға Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 5-6 сынып оқушыларына кітапханашылар «Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» кітапханалық non-stop атты экскурсия жүргізіп, балаларды кітапхананың тарихымен және бөлімдердің қызметтерімен таныстырды.
Сондай-ақ, балалар жаңа әдебиеттермен, кітапхана қорындағы сирек және құнды кітаптармен танысып, өздеріне қажетті ақпараттар алды. Танымдық экскурсияның екінші бөлімінде оқушылар «Ертегілер әлемі» интерактивті ойынына қызығушылықпен қатысты.

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасы өз жұмысын жалғастыруда. Үйірме мүшелері түрлі-түсті моншақтар, фетр (глиттер), фатин матасын пайдаланып, ыстық желімнің көмегімен қыздарға арналған тәжді ободок жасады.

«Қауырсын қалам» клубы

22 қаңтарда «Қауырсын қалам» әдеби клубы аясында заманауи әдебиетке қызығушылық танытқан жас ақындар мен прозашылар жиналды.
«Мен және өлеңдер» атты шығармашылық кездесуге қарағандылық ақын Сергей Рупчев және №46 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е. Ю. Шилайкес оқушыларымен бірге қатысты. Балалар жерлес ақынның шығармашылығымен танысты. Жылы жүзді, дархан жүректі ақынның ғибратты әңгімесінен қатысушылар ерекше әсер алды.
Мұғалімнің пікірінше, әдебиет сабағында өлеңдер мен шағын әңгіме жазатын балалардың қабілетін байқауға және дамытуға болады деп өз пікірін білдірді. Жас авторлар өздерінің жаңа туындыларын оқыды, олардың бірнешеуі жыл соңына дейін шығарылатын «Қауырсын қалам» альманахына таңдалып алынды.

«Көңілді ағылшын»

«Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Colors.Түстер» тақырыбында өтті. Балалар «What color is the toy?» ойынын ойнап, шарлардың түстеріне қарай сөздерді сәйкестендірді. «Red color,red color where are you?» әнін айтып ағылшынша баламаларын жаттады.

 

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» циклінен кезекті дауыстап оқу өткізілді. М.Төрежановтың «Алғыс немесе әдепті бала» әңгімесі оқуға ұсынылды. Балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдады.

«Шуақ»

Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Менің үйім» өлеңін оқығаннан кейін «Шуақ» шығармашылық студиясының қатысушылары қолда бар заттармен «Үй» қолөнерін жасады.