«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы

Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі драматург және жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылығымен танысу ұсынылады. Төлен Әбдіктің шығармалары тұлғасы бөлек кейіпкерлермен ерекше. Жазушының үлкенді-кішілі отызға жуық еңбегі бар.
Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Бірінші «Көкжиек» жинағы 1969 жылы, одан кейін «Күзгі жапырақ» 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы «Ақиқат» атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді. 1979 жылы «Айтылмаған ақиқат» әңгіме-повестер жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде «Истина» әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы «Өлі ара», «Біз үшеу едік» пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары «Эллада ерлерін» қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
«Оң қол» әңгімесі халық арасында ерекше сүйіспеншілікке ие болған туындысы. «Оң қол» – Төлен Әбдіктің жиырма бес жасында жазған алғашқы әңгімелерінің бірі. Әңгіме психиатриялық ауруханаға түскен 17 жастағы Алма туралы.
Сондай-ақ, 1987 жылы «Ақшоқыда қыс қатты» және 2002 жылы «Парасат майданы» атты шығармаларын жазған. «Парасат майданы» повесі тосындылығымен ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді Төлен Әбдіктің шығармашылығымен танысу үшін кітапханаға шақырамыз.

Қыстың сәні – аққала

Сыртта қыс мезгілі. Бұл мезгіл балаларға үлкен қуаныш сыйлайды! Олар шаңғы, шана және коньки тебуге, аққала жасауға мүмкіндік алады. . Аққаланы жасауды ұнатпайтын бала, тіпті ересек адам жоқ шығар.. Аққаланы мақтадан және қолдағы бар заттардан да жасауға болады.

«Сен-біздің бірінші оқырман»

Әне-міне дегенше 2023 жыл да келді. Бүгін біздің кітапхана оқырмандарға есігін айқара ашып, жаңа жылдың ең алғашқы жас оқырмадарын қарсы алды. Кітап оқуға деген құмарлығымен кітапханаға ең алғаш болып келген балалар арнайы медальмен, жаңа жылдық естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Сен-біздің бірінші оқырман» атты дәстүрлі шараның қатысушылары:
1.Ивлев Егор
2.Болатбеков Мағжан
3.Мордвинкина Елизавета
4.Владимир Жулдыз
5.Владимир Ерғали
6.Толтай Ердәулет
7. Владимирқызы Айсұлу
8. Арун Асанәлі
9.Македонец Анастасия
10.Каримов Арман

Өскелең ұрпақ – ел келешегі, ұлттың жалғасы.

Өскелең ұрпақ – ел келешегі, ұлттың жалғасы. Бала болашағының іргетасы мықты болуына ең алдымен тағылымды тәрбие мен сапалы білім ықпал етеді.
Осы тұрғыда ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жыл Балалар жылы деп жариялады. Айтулы жыл аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында біршама ауқымды іс-шаралар атқарылып, көптеген жобалар жүзеге асырылды.

 

«Қауырсын қалам» клубы

Кітапхана төрінде Қарағанды авторлары мен әдеби шығармашылыққа құмар балалардың кезекті кездесуі өтті.
Іс-шараға белгілі қарағандылық ақын Вера Голобородько қатысты. Қонақ балаларға қалай ақын болғанын, шығармашылық адамның жолында қандай қиындықтар мен кедергілер туындауы мүмкін екенін айтты. Автор қатысушыларға қыс мезгілі туралы өлеңдер мәнерлеп оқып берді.
Балалар клуб жұмысы бойынша өз тілектерін білдірді. Келер жылға да көптеген қызықты, танымдық іс-шаралар өткізу жоспарланды.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында кезекті дауыстап оқу өткізілді.
Жас оқырмандарға жүргізуші, театр және кино әртісі Думан Аким балалар жазушысы Вера Вьюганың «Ой-сказки» атты тамаша шығармасын оқып берді.

«Free Style» арт-шеберханасы

Желтоқсан айынының 18 күні «Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Шашқа арналған әшекей бұйым» тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі шаш түйреуішті өз қолдарымен жасады. Шаш түйреуішті жасауға таяқшалар, проволка, биссер, түрлі-түсті моншақ, монетка, леска пайдаланды.
Биылғы жылы «Free Style» арт-шеберханасының шеберлік-сыныбына біздің тұрақты 24 оқырман қыздарымыз қатысты. Үйірме жетекшісі Ыбрайм Жайна қыздармен бірге «Шашбау», «Сырға», «Білезік», «Шашқыстырғыш», «Ободок», «Резинка», «Сақина» және т.б әшекей бұйымдарды өз қолдарымен жасап үйренді. Біздің шеберлік-сыныбына қатысқаны үшін барлық оқырман қыздарымызға рахмет!

Мадияр Қасымалының қатысумен «Жетістік формуласы» бағдарламасы.

14 желтоқсан күні «Saryarqa» телеарнасында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен IChO-2022 Халықаралық химия олимпиадасының жеңімпазы Мадияр Қасымалының қатысуымен «Жетістік формуласы» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті. Мадияр Қасымалы «№1 Білім-инновация» лицейінің шәкірті алтын медаль иегері. Қазіргі таңда Н.Назарбаев атындағы университтетің бірінші курс студенті.
Болашақ ғалыммен кездесуге Қарағанды машина жасау колледжі, Әбілқас Сағынов атындағы мектеп-колледжінің студенттері, Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернаты, және №1 Білім-инновация лицейінің оқушылары жиналды.
Кездесу барысында қонаққа отбасы, хоббиі, олимпиаданың жеңісіне байланысты көптеген қызықты сұрақтар қойылды.
«Сіздің жетістік формулаңыз қандай?» деген сауалға Мадияр: «Жетістіктің формуласы жоқ, барлығы жеке, тек дұрыс көзқарас пен еңбекқорлық маңызды»,- деп жауап берді. Мадияр балалық шағында сиқыр өнеріне қызығушылық танытқанын, тіпті оларды көрсетуде де жетістікке жеткенін мойындады. Қатысушыларға сиқыр көрсетіп қонақ қошеметке ие болды.
Бағдарламаның соңында Мадияр ең қызықты сұрақ қойған қатысушыларға естелік сыйлықтар берді, қонаққа дәстүрлі түрде Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабы және жетістік пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйы табыс етілді.

 

«Біз – Қазақстанның балаларымыз»

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің балаларына «Біз – Қазақстанның балаларымыз» атты әдеби сағат өткізілді.
Балалар іс-шараға белсене қатысты, тақпақ айтты, ойын ойнады, жұмбақтар шешті.

Жастар пікірсайысы

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында кітапханада «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт» атты жастар пікірсайысы өткізілді. Шараға №1 гимназия мен №91 ЖББМ оныншы сынып оқушылары қатысты.
Жастар арасында пікірталас өте қызықты өтті, себебі біздің сайыс «Патриотизм: шындық немесе миф» тақырыбында қысқартылған «Британдық» форматта өтті.
«Үкімет» командасының спикерлері жастар арасында патриотизмнің маңыздылығын дәлелдеп, өмірден нақты фактілерді келтірді. «Оппозиция» жастар арасындағы патриотизм тек қағаз жүзінде бар және бұл ұғым миф деген пікірге қарсы дәлелдер келтірді. Аталмыш шараны пікірсайыс клубының үйлестірушісі – Стефания Матисон жүргізді.
Қазылар алқасының құрамында ҚарМУ пікірсайыс клубының үйлестірушісі, Жастар Ассамблеясы жанындағы «пікірсайыс лигасының» тең құрылтайшысы Т.Тілеулин және педагогика ғылымдарының магистрі, Орталық Қазақстан академиясының психология және әлеуметтік жұмыс факультеті тәрбие және кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі деканының орынбасары Г. Жұмаділова болды.
Пікірсайыста №1 гимназияның «Оппозиция» командасының спикерлері жеңіске жетті. Іс-шара соңында балаларға «Kahoot» «Тәуелсіздік күні» платформасында интерактивті ойын ұсынылды.