«Шеге мен балға»

«Шеге мен балға» үйірмесінің кезекті сабағы «Жабысқақ жағуға арналған желімдер» тақырыбында өтті. Балалар желімнің сұйық, паста және ұнтақ түрлерімен танысты. Сұйық желімді қағаз, ағаш, мата және пластмассаны желімдеу үшін қолданылады. Паста желімі қалыңырақ және ағаш және металл сияқты ауыр материалдарға жақсы қолданылады. Сабақа қатысқан үйірме мүшелері желімдерді іс жүзінде пайдаланып көрді.

«Қазақ ән өнерінің бұлбұлы» кітап көрмесі

Қазақтың шоқ жұлдызы, әлемге әйгілі сопрано дауысының иесі Бибігүл Төлегенованың мерейтойына орай кітапхананың оқу залында «Қазақ ән өнерінің бұлбұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бибігүл Төлегенова – әлемдік санаттағы әнші, жоғары деңгейдегі опера жұлдызы. Әнші репертуарында қазақтың халық әндері, вокальдық классика шығармалары, қазіргі замандық композиторларының романстары, әндері бар. Б.Төлегенова ұлттық опера өнерінің дамуына зор үлес қосты. Ең үздік партиялары: Жібек (Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі»), Гүлбаршын (Е.Рахмадиевтің «Алпамысы»), Еңлік (Ғ.Жұбанованың «Еңлік-Кебегі») және т. б. Сондай-ақ, әнші «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бұл Шұғылада болған», «Тақиялы періште» кинофильмдерінде ойнады.
Көрмеге Бибігүл Төлегенова жайында әр жылдары жарық көрген мерзімді басылымдар топтамасы мен фотосуреттері және И.Серкебаеваның «Бибігүл Төлегенова: сүйіспеншілік,үміт және сенім», К.Кежетаев «Высокий дар призвания»,З.Кариев «Солнечный голос» және т.б кітаптары қойылды.

 

«Шеге мен балға»

«Шеге мен балға» үйірмесінің кезекті сабағы тартымды және қызықты өтті. Ұлдар электр аспаптарының түрлерімен танысып, жұмыс барысында қалай қолдануға болатынын білді.

Күзгі демалыс

Күзгі демалыс кезіңде №1, 9 гимназиялардың, Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейдің, № 48 жалпы білім беретін мектептің оқушылары және «Ресурс», «Умняшки» балаларды дамыту орталығының түрлі топтары, кітапханаға экскурцияға келді. Кітапханашылар балаларды жаңадан түскен кітаптармен таныстырып, әдеби викторина өткізді.
Демалысын кітапханамен бірге өткізген барлық балаларға ризамыз. Кітап оқығанды жақсы көретін барлық жас оқырмандармен келешекте кездесеміз деген үміттенеміз.

Кітапхана серіктестік байланыстарын нығайту шарасы жалғасуда…

Кітапхана серіктестік байланыстарын нығайту үшін «Гүлнұр» бөбекжайы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы арасында ынтымақтастықта туралы меморандумға қол қойылды. Шараға мұғалімдер, ата-аналар комитетінің мүшелері және «Гүлнұр» бөбекжайының тәрбиеленушілері қатысты. Құжатқа салтанатты қол қою барысында тараптар мен міндеттемелер айтылып, одан әрі бірлескен іс-шаралардың жоспары талқыланды.

Ілмек бізбен тоқу

Тоқыма тоқу – ертеден келе жатқан қолөнер түрі. Бұл өнерді меңгеріп алған адам қалаған уақытта өзіне не жақынына сый тарта алады. Демалыс күні «Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы Светлана Кимнің қатысумен өтті.
Қыздар жетекшінің көмегімен ыстық тағамды үселге орналастырғанда табақ астына қоятын төртбұрышты төсеніштер тоқыды.

«Сенімен мақтанамын, Қазақстаным!»

Республика күні – еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі. Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн.
Республика күні қарсаңында кітапханада № 97 гимназия мен Балаларға қолдау көрсету орталығының балалары қатысқан «Сенімен мақтанамын, Қазақстаным!» әдеби-музыкалық кеші өтті. Іс-шара барысында Қазақстан туралы өлеңдер мен әндер орындалды, сондай-ақ балалар «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» кітап көрмесі арқылы біздің еліміз туралы кітаптармен танысты.

Кітапханашы күні

Кітапханашылар күнін мерекелеу қарсаңында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Баян Қуанышқызы Уатаева Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және инновациялық-әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Ұлжан Өміржанқызы Жамауова, мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Күміс Ерланқызы Болатбекова Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжатта басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Құрметті әріптестер, марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық жолында толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

«Киіз үй»

«Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні қарсаңында Қазыбек би ауданы бойынша үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінң балалары, ата-аналары және әлеуметтік қызметкерлері үшін киіз үй этноконструкторын құрастыру бойынша тренинг өтті. Балалар ежелгі қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй және оның құрылысы туралы мағлұмат алып, киіз үй этноконструкторын жинауға белсене қатысты.

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасында мастер-класс өтті. Қыздар «Әже шаршысы» техникасында ыстыққа арналған төсеніш тоқыды. Бұл әдіс қарапайым әрі қызықты. Түрлі-түсті жіптерді біріктіріп тоқу арқылы төсенішті әдемі етіп безендіреді. Бұл әдіспен тек қана төсеніш емес, сонымен қатар кардиган, майлық, көрпені де тоқуға болады. Қыздар әдемі әрі пайдалы бұйым жасап, үлкен рахатқа бөленді.