«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Сиқырлы түстер еліне саяхат » тақырыбында сабақ өткізілді. Балалар екі топқа бөлініп шарлар арқылы түстерді атап, сөз тіркесін құрап, сөзжұмбақтар шешті. Қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылып, жақсы көңіл-күйде сабақ аяқталды.

«Отан қорғау – қасиетті борыш» кездесу-диалог

Кітапханада еліміздің Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Отан қорғау – қасиетті борыш» атты кездесу-диалог өтті.
Шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімінің рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Балжанов М.Ө. қатысты.
Мақсат Өміржанұлы бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігі жайлы әңгімелеп, Отан қорғау ісі әркімнің ең басты міндеті екені туралы түсінік берді.
Кеш соңында «Қазақстан армиясының әскери шендер белгілерін білесің бе?» атты сергіту ойыны ойнатылды.

«Кітап. Жаз. Жүз қиял»

Бүгін №1, 9, 93 гимназиялардың мектеп жанындағы лагерлерінің балалары үшін «Кітап. Жаз. Жүз қиял» атты жазғы оқу залының салтанатты ашылуы өтті. Балалар топ-топқа бөлініп аралдар бойынша саяхат жасап, әдеби ойындарға қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ балалар жергілікті балалар жазушысы Наталья Инжевская мен жүздесті. Автор өзінің бірнеше шығармасынан үзінді оқып, кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор екені туралы айтып өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шараға Қазыбек би атындағы ауданның үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері және ерекше білімді қажетсінетін жастар қатысты.
Іс-шара қатысушылардың біздің еліміздің халқының салт-дәстүрлері мен тарихи өткеніне, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету мен ұқыптылықпен қарауын тәрбиелеуге және мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін қорытындылауға бағытталды.

«Рәміздер тәуелсіздік тұмары»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күнінің 30 жылдығы қарсаңында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Рәміздер тәуелсіздік тұмары» таныстыру сағаты өткізілді. Болашақ ұрпақтың бойына Отанға деген адалдықтың бір белгісі саналатын – Мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту қасиетін дарыту біздің басты міндетіміз. Балалар аталмыш шара барысында шағын викторина сұрақтарына жауап беріп, «Мемлекеттіктің басты белгісі» атты кітап көрмесімен танысты.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Ертегі әлемінде» тақырыбында өтті. Бұл сабақта балалар «Бауырсақ» ертегісімен танысып, ертегі кейіпкерлерін сомдады. Балаларға қазақша-орысша жұмбақтар жасырылып, би түрінде қызықты сергіту сәті өткізілді. Сабақ «Бұл кім?» ойынымен аяқталды.

«Әдеби кейіпкерлердің шеруі»

Міне, көптен күткен мереке де келді. Бүгін жаздың бірінші күні! Бұл күн Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған.
Кітапхананың жас оқырмандары және Қарағанды қаласының тұрғындары үшін «Әдеби кейіпкерлердің шеруі» атты іс-шарасы өткізілді.
Балалар кітапхана жанында жиналып, әдеби кейіпкерлер бастаған топ легі Орталық мәдениет және демалыс саябағына аттанды.
Мерекелік бағдарламада бүлдіршін балалардың қатысуымен әр түрлі ойындар ойнатылып, көшпелі оқу залы ұсынған қызықты және танымдық кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасалды.