1996 жылдан бастап Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында орта  және жоғары сынып жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінде  «Абай жүрген iзбенен…» клубы өз жұмысын  бастаған еді. Клуб ұзақ уақыт Абай Құнанбайұлының шығармашылығын, мұраларын (өлеңдерін, қара сөздерін, поэмаларын) насихаттаумен айналысып келсе, 2018 жылдан бастап клуб мақсаты оқырман сұранысына орай, заман талабына сай  өзгерген болатын. Осы мақсатта жас шығармашыл жеткіншектермен  бірнеше әдеби отырыстар да өткізілді.

2018 жылдан бастау алып келе жатқан бұл клубтың атауы, бүгінде, 2019 жылдан бастап «Қауырсын қалам» әдеби клубы деп өзгертілмек, жас шығармашыл жеткіншектердің басын қосып, талаптарын ұштай түсетін «Қауырсын қалам» әдеби клубының отырыстары алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

Клубтың мақсаты:

Әрбір жас оқырманның шығармашылыққа деген құштарлығын, кітапқа деген қызығушылығын  және мәдени сауаттылығын арттыру арқылы прозаға, поэзияға қалам тербеп жүрген балалардың талаптарын ұштау.

Клубтың басты міндеттері:

– қазақ әдебиеті ақын-жазушыларының шығармашылығы туралы білімді насихаттау;
– жас талаптың рухани сұранысын барынша қанағаттандыру;
– жасөспірімдердің жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету;
– шығармашыл жеткіншектерге барынша қолдау көрсету;

Сізді де клубқа мүше болуға шақырамыз!

IMG_7823
IMG_0788
630b14ce-0a8e-46d0-9549-4bf4e6f709c4
1-5
2-4
photo_2021-05-18_10-53-07
photo_2021-05-18_10-53-10
photo_2021-05-18_10-53-19
IMG_7814
IMG_7817
IMG_7823

ЖОСПАР 2024 жыл

2024

ЖОСПАР 2023 жыл

2023 жыл

ЖОСПАР 2022 жыл

ЖОСПАР 2021 жыл

2022 жыл

2021 жыл

2020 жыл