Аз, Буки, немесе Оқу білген қандай керемет

Аз, Буки, немесе Оқу білген қандай керемет

3 сәуірде Абай атындағы кітапхана «Бәйтерек» балаларды сауықтыру шипажайында емделіп жатқан жас оқырмандарға өз есігін айқара ашты.

Балалардың Халықаралық балалар кітабы күні аясында балаларға арналған

«Аз, Буки, немесе Оқу білген қандай керемет» әдеби калейдоскопы өткізілді.

Баланың өміріндегі балалар кітабының рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Оның иллюстрациялары, тартымды сюжеттері, сонымен бірге кешке ұйықтар алдында кітапты оқитын қымбатты да сүйікті адамның дауысы өмір бойы есте қалады. Әрқайсысымыз үшін бұл бастапқыда жай ғана халық ертегілері болатын, бірақ кейін өте дана және өнегелі сюжет болып шықты.

Міне, біз де ақпараттық – слайдтық таныстырылым мен кітап көрмесінің шолуы арқылы Е.Пономаренко, Н.Инжевская, Н.Ключенко, Е.Зейферт, Д.Джумагельдиновалар туралы әңгімелеп және шығармаларынан үзінділер оқи отырып, балаларды Қарағанды қаласының балалар жазушыларымен таныстырдық.

Comments are closed.