Қазақстан лаңкестікке қарсы күрес

Қазақстан лаңкестікке қарсы күрес

Қазақстанда және әлемде лаңкестік пен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан іс-әрекеттерді жас жеткіншектерге түсіндіру мақсатында кітапханада 11 ақпан күні «Қазақстан лаңкестікке қарсы күрес» атты ақпараттық шолу өткізілді.

Іс-шараға Мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларға жат ағымдарды түсіндіріп, терроризм мен экстремизмді жекелеме жіктеп, оның себептері мен негізгі мақсаттары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар оқушылардың назарына жастар арасында идеологиялық саясатты қалыптастыру туралы «Діни экстремизм» атты бейнебаян көрсетілді. Аталмыш шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Comments are closed.