Қазан 22, 2022 Қазақстан – ұлы Отаным By odb-abai inЖаңалықтар 25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Айтулы мерекеге орай, кітапханада №88 ЖББМ, №3 гимназияның 2-3 сынып оқушылары және Қазыбек би атындағы ауданның үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің балаларының қатысумен «Қазақстан-ұлы Отаным» атты әдеби сағаты өткізілді. Балалар туған елге саяхат жасап, Қазақстан Республикасының рәміздерін еске түсіріп, «Атамекен-Алтын бесік» атты интеллектуалды ойынға белсенді қатысты. Сондай-ақ балалар назарына Қазақстан туралы ауқымды, мазмұны жағынан бай кітап көрмесі дайындалып, шолу жасалынды.