«Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде»

«Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде»

Наурыз айының 27-сі күні кітапханамызда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде» атты ақпараттық слайд таныстырылым өткізілді.

Шараға «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері келіп қатысты.

Іс-шара барысында «Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы» атты презентация көрсетіліп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы он бағытқа жеке-жеке талдау жасалып, оқушыларға түсіндірілді. Сонымен қатар қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуіне орай балалар берілген сөздерді және жасырылған жұмбақ жауаптарын латын әліпбиін қолдана отырып жазды.

Comments are closed.