Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру Байқаудағы жетістік

Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру Байқаудағы жетістік

11 қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы кітапхана ұжымында талқыланды.

Жалпы, Жолдауда қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін арттыруға көп көңіл бөлінген. Төменгі жалақының өсуі, үй мәселесінің шешілуі, сапалы медициналық қызмет және білім деңгейінің артуы – қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайының өсуінің бір кепілі болып табылады.

Бұл Жолдау әлеуметтік салалар, экономика, бизнес, қаржы секторы, мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдары, сот жүйесі мен сыртқы саясат сияқты ел өмірінің сан алуан салаларын қамтып отыр.

Сонымен қоса, Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынды. Жастар – біздің болашағымыз, ел ертеңі солармен байланысты.

Жолдауды жүзеге асыру барысында елдің әл-ауқаты жақсарып, әр салада қоғамдық белсенділік артады, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі молаяды.

Comments are closed.