Қазақтың баспанасы – киіз үй

Қазақтың баспанасы – киіз үй

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес шаралар мен жобалардың басым бөлігі ұлттық салт-дәстүріміздің төңірегіне өскелең ұрпақты ұйыстыруға бағытталып отыр.

Домбырада күй тарту мен киіз үй жасау өнері-ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне Қазақстанның атынан енген алғашқы өнер туындылары.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасына балалардың ойлау жүйесін дамытып, ұлттық болмысты, бабалар рухы мен қоршаған кеңістікті толықтай сезініп өсулері мақсатында «Киіз үй» этноконструкторы алынға. Аталған киіз үйдің жаһандану дәуірінде балаларды ата дәстүрден ажыратпай, ұлттық болмысқа сай тәрбиелеу ісінде маңызы аса зор.

Қазан және қараша айларында қаланың оқу орнындағы ұстаздар мен оқушылар үшін ұлттық құндылықтарымызды жандандыру мақсатында «Киіз үй» этноконструкторын құрастыру тренинг циклын өтеді.

Бірінші шеберлік сыныбы қазан айының 09 күні №102 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Балалар киіз үйдің негізгі элементтерімен танысып, экологиялық таза шикізаттан жасалған “Киіз үй” этноконструкторын үлкен қызығушылықпен құрастырды.

Comments are closed.