«Қазақты оятқан қайсар ақын – Абай»

«Қазақты оятқан қайсар ақын – Абай»

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 09 тамыз күні қазақ халқының ұлы ағартушы ақыны, философ, қазақ әдебиетінің классика үлгісінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 174 жылдық мерейтойына арналған «Қазақты оятқан қайсар ақын – Абай» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау, оқырмандар бойында адамгершілік қасиеттер мен патриоттық және ұлттық тәрбие, этникалық-мәдени құндылықтарды қалыптастыру, балалар арасында көркем әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Жазғы демалыс лагерьінің оқушылары ұлы ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Қазақты оятқан қайсар ақын – Абай» атты кітап көрмесімен танысты.

«Қазақты оятқан қайсар ақын-Абай» атты кітап көрмесі 31 тамызға дейін Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында өтеді. Мекен-жайы: Бұқар Жырау даңғылы, 30.

Comments are closed.