Қазақ жазауының тарихы

Қазақ жазауының тарихы

Қарашаның 22 күні қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуін насихаттау мақсатында қаламыздың №54 ЖОББ мектебінің 3 «Ғ» сынып оқушыларына арнап «Қазақ жазауының тарихы» ақпараттық сағаты және «Мен үйренемін…» атты ойын бағдарламасы өткізілді.

Шара барысында балаларға қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру ерекшеліктерімен таныстырылды. Оқушылар өз аттарын жаңа әліпбимен жазып көрді. Жасырылған жұмбақ жауаптарын латын әліпбиімен жазған балалар жаңа әліпбиді тез үйреніп кететіндерін аңғартты.

Сондай-ақ балалар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдайтынын білдірді.

sdr

Comments are closed.