Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар

Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар

Кітапханада  Отан қорғаушылар күніне орай №48 НОБ 9 сынып оқушыларына «Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар» атты патриоттық сағат өткізілді. Оқушыларға Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріліп, Отан қорғау ісі әркімнің ең басты міндеті екені туралы әңгіме қозғалды.

Оқушылар арасында «Кім тапқыр» атты сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Іс-шара барысында презентациямен таныстырып өтіліп, «Қазақстан армиясының әскери шендер белгілерін білесің бе?» атты сергіту ойынымен жалғастырылды. Іс-шара соңында  «Бейбіт елдің ұландары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Comments are closed.