Ақпараттық шақыру-хаты

30 қыркүйек күні сағат 10.00-де «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ «Балалар кітапханасы өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің ресурсы ретінде» облыстық практикалық онлайн-семинары өтеді.

Облыс балаларына қызмет көрсететін балалар және балалар-жасөспірімдер кітапханаларының, бұқаралық кітапханалар филиалдарының меңгерушілері, әдіскерлері, кітапханашылары; Қарағанды қаласы мектеп кітапханаларының меңгерушілері шақырылады.

Семинар ZOOM платформасында өткізіледі.

Семинар бағдарламасы

Уақыты Тақырыбы және спикерлер
10.00 – 10.03 Семинардың ашылуы.

«Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ басшысы  Уатаева Баян Қуанышқызы

10.03 – 10.11 «Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру: Қарағанды облысының балалар кітапханалары жағдайындағы жұмыс тәжірибесі, мәселелері және болашағы» – Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы Жүсіпова Сәуле Жаманбайқызы
10.11-10.19 «Жас оқырмандардың шығармашылық бастамасы және әдеби мүмкіндігін  дамыту» – Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің әдіскері Смагулова Мадина Сағатқызы,
10.19 – 10.27 «Кітапхана және балабақша: табысты ынтымақтастықтың шегі» – Саран қ.ОКЖ-нің қаланың мектепке дейінгі мекемелерімен жұмыс тәжірибесінен. Саран ОКЖ № 3 кітапхана-филиалының аға кітапханашысы Түгелбаева Ботагоз Мұратқызы
10.27 -10.35 «Кітапханаға оқырман  тарту мақсатында жұмыс жүргізу: инновациялық технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдер» –

Шет ОКЖ Ақсу-Аюлы а. аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Қойшыбаева Арайлым Мұратқызы

10.35 – 10.43 «AutoPlay Media Studio8»  және «Movavi Video Editor Plus» бағдарламасын   пайдаланып, өлкетану электрондық әдістемеліктер, викториналар жасау» – практикалық сабақ –  Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің кітапханашысы Әбдіғалым Мерболат Сағатұлы
10.43 – 11.00 Семинардың қорытындысы

 

«Абай атындағы Қарағанды облыстық

балалар кітапханасы» КММ басшысы»          ____________           Б.Қ.Уатаева