Сәуiр 7, 2023 «Балаларға арналған Үздік жоба» By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін кітапханамыздың 70 жылдық мерейтойы аясында Қарағанды облысының кітапханалары арасында «Балаларға арналған Үздік жоба» облыстық байқауының қорытынды туры өтті. Байқауға жіберілген жобалардың қорытындысы бойынша іріктеу кезеңінен өткен 9 финалист кітапхана таңдалды: Ақтоғай ОКЖ-нің Ақжарық үлгілі ауыл кітапханасы, Балқаш қ. ОКЖ-нің А. Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы, Қарағанды ОКЖ-нің № 1 балаларға қызмет көрсету бойынша филиалы, Қарағанды ОКЖ-нің № 16 филиалы, Нұра ОКЖ-нің аудандық балалар кітапханасы, Теміртау ОКЖ-нің балаларға арналған №6 филиалы, Саран ОКЖ-нің Орталық қалалық кітапханасы, Шет ОКЖ-нің аудандық балалар кітапханасы, Шахтинск ОКЖ-нің №12 балалар кітапханасының-филиалы. Жобалар ҚР мәдени мұрасын сақтау, өзінің тұрғылықты жері туралы өлкетану білімін қалыптастыру, кітап арқылы қоршаған әлемді тану, экологиялық тәрбие, оқушылардың бос уақытын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін бос уақытты ұйымдастыру сынды әр түрлі тақырыпты қамтыған. Облыс кітапханашылары үшін бұл өз жобаларын көпшілік алдында қорғау тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар қазылар алқасының тәжірибелі сарапшылар қатарындағы: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Е.М.Теплюктен, Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК басшысы Д. Б. Аманжоловадан, Ж. Бектұров атындағы ОЖК басшысы Н. К. Каленовадан, Абай атындағы ОБК басшысы Б. К. Уатаевадан және зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың басшысы А.С.Шаймуханбетовадан кәсіби кеңес алуға жақсы мүмкіндік болды. «Балаларға арналған Үздік жоба» облыстық байқауында Ақтоғай ОКЖ-нің Ақжарық үлгілі ауыл кітапханасының «Өз ойыңнан ертегі құрастыр!» жобасы ең үздік деп танылып , және аталмыш жоба «Рухани қазына – 2023» мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестиваліне жолдама алды. Жеңімпаз кітапхана Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Дипломымен марапатталып, құнды жүлде ретінде көп қызметтік құрылғы (КҚҚ) табысталды.