Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы

Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы

Кітапханада қазан айының  24 күні  балалар жазушысыШәкен Күмісбайұлының туғанына  75 жыл толуына орай«Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы» атты телекөпір Алматы қаласындағы С. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасымен бірлесіп өткізілді.

Шараға Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттері және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы  А. С. Мукашева №93 гимназия, №5, 74 ЖББОМ, №7 Ж.Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары қатысты.

Телекөпірдің бір ерекшелігі – балалар жазушысының мектеп оқушыларымен жүзбе жүз сұхбат жүргізуінде. Қазіргі таңда қазақ прозасы майталмандарының көзі тірісінде осындай кездесулер өткізу қуантарлық жағдай. Қаламгердің уақытында бағалануы – ол оның шығармашылық жолындағы дарындылығы. Талантты жазушымыз Шәкен Күмісбайұлы қазақ әдебиетінде өзіндік орын алатын дарын иесі.

Балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлыөз шығармашылығы жайлы көптеген сырлы әңгімелерін айтып жас оқырмандармен сыр бөлісті. Іс-шара барысында «Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы» атты презентация көрсетіліп, жазушының шығармалары таныстырылып өтті.

Аталмыш шара барысында №5 ЖББОМ және №7 Ж. Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары «Батырлар жырынан» мәнерлеп үзінді оқыды. Оқушыларға арналып «Балалар жазушысы» атты викториналық ойыны өткізіліп, «Балалықшақ – балдаурен» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

 

Comments are closed.