Бар әлемнің ертегілері

Бар әлемнің ертегілері

Кітапхана әр айдың екінші жексенбісінде кішкентай пайдаланушылар және басқалар үшін «Дауыстап оқу» іс-шарасын өткізеді.Дауыстап оқу – бұл ересектер мен балалар арасында қарым-қатынас жасаудың бір түрі және шығармашылық Оқырманды тәрбиелеудің тиімді әдісі.

Дауыстап оқудың мақсаты – оқығанды есту және түсіну үшін мұқият тыңдауға немесе белсене оқып ойлануға, оқып сезінуге, оқып өмір сүруге үйрету (С.Чаусова).

Кітапханада 13 мамырда дауыстап оқу сеанысы үшін Самуил Маршактың балаларға бейімдеп аударған ағылшын, шотланд, француз тіліндегі өлеңдер, балладалар, әндер мен ертегілердің өлең түріндегі аудармалары таңдалды.

Дауыстап оқу ересектердің балалық шақтарында анасының өздеріне ертегі оқып берген кездегі ұмытыла бастаған сезімдерін оятты, ал балаларға жаңа кейіпкерлермен және олардың шытырман оқиғаларымен танысу қуанышын сыйлады.

Comments are closed.