«Бар әлемнің ертегілері»

«Бар әлемнің ертегілері»

Кітапхана жыл бойы айдың әр жексенбісінде кішкентай пайдаланушылар және басқалары үшін «Дауыстап оқу» өткізеді.

Дауыстап оқу – балаларды және ата-аналарды іс-шараларға қатысуға ғана емес, сонымен бірге оқу залындағы ерекше қолайлы атмосферада тыңдаушыларды кітапханаға және оқуға тартуға мүмкіндік беретін кеңінен тараған жұмыс түрі.

11 ақпанда дауыстап оқуы сеансы шамамен бір сағатқа созылды, ол үшін Георгий Баллдың «Сказки городка Жур-Жур» шығармасы таңдалды. Үш-төрт жастағы балаларға арналған шағын, түсінікті және қызықты ертегілерден тұратын жақсы, қанық түстегі кітап барлығына ұнады.

Дауыстап оқу ересектердің балалық шақтарында анасының өздеріне ертегі оқып берген кездегі ұмытыла бастаған сезімдерін оятты, ал балаларға жаңа кейіпкерлермен және олардың шытырман оқиғаларымен танысу қуанышын сыйлады.

Біздің тұрақты оқырмандарымыздан бөлек оқырмандар өткізілген іс-шараға келіп, өздерімен ерте келгендерін қуана атап өтуге болады.

Дауыстап оқудың мақсаты – оқығанды есту және түсіну үшін мұқият тыңдауға немесе белсене оқып ойлануға, оқып сезінуге, оқып өмір сүруге үйрету.

Дауыстап оқудың басты міндеті – «балаға ауыз әдебиеті өнері әлемін ашу» (Л. С. Выготский). Бұл дегеніміз – әр адам өмірінің ажырамас бөлігі ретіндегі ауыз әдебиеті өнерінің бар екенін балаға таныстыру, оны осы өнермен үнемі араласуға үйрету, сөзді түсіну сезімін тәрбиелеу, кітапқа деген қызығушылықты, сүйіспеншілік пен құмарлықты тудыру.

Зерделі, сезімтал оқырманды тәрбиелеу – ұзақ та күрделі процесс, оған ата-аналар да, тәрбиешілер мен мұғалімдер де, кітапханашылар мен жазушылар да, бұқаралық ақпарат құралдары да қатысады. Ол бірқатар кезеңнен тұрады, оның бірі – дауыстап оқу.

 

Comments are closed.