Баянғали Әлімжановпен кездесу

Баянғали Әлімжановпен кездесу

11 наурызда «Балалық шақ кітаппен» балалар кітабының апталығының салтанатты ашылуы болды. Мереке қонақтарына «2019 жылғы мерейтойлық кітаптар» дефилесі ұйымдастырылды.

Аптаның бірінші күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жыршы, балалар жазушысы Баянғали Тақанұлы Әлімжановпен «Ардагер азамат, ардақты ақын» шығармашылық кездесу өткізілді. Іс-шараға Н.Нұрмақов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 6-сынып оқушылары, №17, №76 мектеп оқушылары, аудан және қала кітапханаларының кітапханашылары қатысты.

Кездесуге құрметті қонақтар-қарағандылық ақыңдар Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері С.Ақсұңқарұлы, ф.ғ.д., профессор Қ.Асанов шақырылды, олар Б.Әлімжановтің шығармаларының ерекшеліктері және оның дарыны туралы әңгімеледі.

Оқырмандар автордың өлеңдерін оқуды дайындағанына ақын шынайы ризашылығын және алғысын білдірді.

«Бүгінгідей қым-қуыт шақта бір сағат емес, 15 минут кітап оқысаңыздар, жаман адам болмайсыздар» – деп Баянғали аға қалам тербеп жүрген жастарға өзінің ағалық ақылын айтты.

Кеш соңында Баянғали Тақанұлы «Манас» эпосынан үзінді оқыды және қала кітапханаларына өзінің кітаптарын сыйға тартты.

Comments are closed.