«Бейбітшілікке – иә, терроризмге –жоқ»

«Бейбітшілікке – иә, терроризмге –жоқ»

Қазақстанда және әлемде лаңкестік пен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан іс-әрекеттерді жас жеткіншектерге түсіндіру мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2018 жылғы 24-шісәуір №58 ЖББОМ 7 сынып оқушыларымен бірлесе «Бейбітшілікке – иә, терроризмге –жоқ» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Қарағанды облысының дін істері басқармасының мониторинг, ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы Қабылбек Абдималикұлы Аширалиев қатысты. Іс-шара барысында Қ.Аширалиев оқушыларға жат ағымдарды түсіндіріп, терроризм мен экстремизмді жекелеме жіктеп, оның себептері мен негізгі мақсаттары туралы ақпарат берді. Балалар өз ойларымен бөлісіп, қонаққа көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

Сонымен қатар оқушылардың назарына жастар арасында идеологиялық саясатты қалыптастыру туралы «Қазақстандағы терроризм туралы» атты бейнебаян көрсетілді. Аталмыш шара соңында тақырыпқа сай ұйымдастырылған «Діни экстремизм және терроризм» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Comments are closed.