Бельгер Герольд Карлович
(28.10. 1934 - 07.02.2015)

Бельгер Герольд Карлович 28 қазанда 1934 жылы Рәсейдің Саратов облысының Энгельс қаласында дүниеге келді. Прозашы, аудармашы, әссе жазушы, публицист.

1941 жылы Бельгер отбасы Сол-түстік Қазақстанға, Шал ақын ( ескіше Октябрь) ауданы, ленино аулына жер аударылды. Герольд осы жерде мектепке барды. Қазақстанның жері туған жері болып қалды, осы жерде білім алды, мамандыққа ие болды.

1958 жылы Абай атындағы педагогикалық институтты тәмамдады. Жамбыл облысында Байқадам орта мектепте лаборант, мұғалім болып еңбек жолын бастады. 1960-1963 жж.- Абай атындағы ҚазПИ әдістеме кафедрасының аспиранты. Аспирантура бітірісімен «Жұлдыз» журналының әдебиет қызметшісі.

Шығармашылық жолы 1964 жылдан басталады. Бельгер қазақ тілінен орыс тіліне көптеген әдеби проза шығармаларын аударды, қазақ, орыс және неміс тілдерінде жүзшақты мақалалары жарық көрді.

50 ден астам кітаптардың авторы, соның ішінде «Сосновый дом на краю аула» (1973), «Чайки над степью» на немецком языке (1976), «За шестью перевалами» (1977), «Брат среди братьев» (1981), «Каменный брод» (1987), «Завтра будет солнце» (1992), «Земные избранники (Гете, Абай)» (1995), «Помни имя свое» (1999), «Казахское слово» (2001), «Дом скитальца» (2003), «Гармония духа» (2003), «Түйық су» – роман (2004), «Ода переводу» (2005), «Пост фактум» (2007), «Разлад» – роман (2008); 10-томдық «Таңдамалы шығармалары» (2009–2010); 1800 басылым мақалалары жарық көрді. Неміс тілінен орыс тіліне 20, қазақ тілінен орыс тіліне 200 прозалық шығармаларды аударды. 19 кітаптың редакторы және құрастырушысы, 103 ұжымдық кітаптардың авторы, орыс, қазақ, неміс тілдерін жетік білген.

Әдебиет саласында еңбегі сіңген, сонымен қатар қоғамдық әрекетпен де шуғылданды. Қазақстанның Жоғары кенесінің депутаты (XIII сайлау, 1994-1955 жж.), Қазақстан Президентінің мемлекеттік саясатының Ұлттық кенесінің мүшесі, Неміс мәдени орталықтың төрағасы, «Феникс» неміс-орыс тілінде шығатын журналдың редакторы, (1992-2000). Қаз ССР мәдениет қайраткері (1987). Лауреат атақтары: Бейбітшілік пен рухани келісімнің Президенттік Премияның лауреаты (1992), Б.Майлин атындағы Қазақстан жазушылар Одағының премиясының лауреаты (1988), Казақтың ПЕН-клубының премиясының лауреаты (1996), тәуеслсіз премия «Тарланның» лауреаты (2002), әдеби журналдар мен газеттердің «Простор» премиясының лауреаты, «Парасат», «Фройндшафт», «Нойес Лебен», «Қазақ әдебиеті», «Алтын Орда».

belger1
belger2
belger3