Акция тарихы «Бір ел-бір кітап» атты Қазақстандық жобаның идеясы АҚШ әйгілі «Бір кітап –бір Чикаго» және «Бүкіл Сиэтл бір кітапты оқыса» атты кітапханалық жобалардың негізінде жасалған, оның мақсаты -бір қаланың адамдары бір уақытта бір кітапты оқиды. «Бір ел –бір кітап» акцияның ережесі Кітап оқу адам тұлғасының қалыптасуына жан-жақты әсер ететін болғандықтан, қоғамның дамуындағы басты мақсаттардың бірі –кітапты қолдау екенін сезініп, Ұлттық академиялық кітапхана «Бір ел-бір кітап» атты акцияны Қазақстанда жылда өткізуге ұсынады. Қазақстанда «Бір ел-бір кітап» атты республикалық акция 2007 жылдан бері ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен, ҚР Кітапханаларының Ассоциациясының және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдаумен өтеді. Акцияның мақсаты –қазақ әдебиетін көпшілікке танымал ету, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге қызығушылықты дамыту, қоғамның кітапты оқуға ынтасын көтеру, сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани дамуына әсер ету. 1. 2007ж. Жыл кітабы "Абайдың қарасөзі" 2. 2008ж. М. Әуезовтің "Қорғансыздың күні" 3. 2009ж. М. Жұмабаевтың "Сүй жан сәулем" 4. 2010ж. Ж. Молдағалиевтың "Мен қазақпын" поэмасы 5. 2011ж. Ж. Аймауытовтың "Ақ білек" романы 6. 2012ж. О. Бөкейдің "Қайдасың қасқа құлыным" 7. 2013ж. Ф. Оңғарсынованың "Дауа" 8. 2014ж. С. Мұратбековтың "Басында үш қораның" әңгімелері 9. 2015 ж. - І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы 10. 2016 ж. - Дулат Бабатайұлы - «Өсиетнама» 11. 2017ж. - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары 12. 2018 ж. - Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді»; Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»; Ш. Құдайбердіұлының поэзиясы 13. 2019 ж. – Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы; Ә. Тәжібаевтың поэзиясы