Бір ел – бір кітап: «Ұшқан ұя»

Бір ел – бір кітап: «Ұшқан ұя»

Сәуір айының 13 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен…» клубының кезекті отырысы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының жалпы халықтық оқу үшін таңдалған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі жайлы ой бөлісу, пікір алмасу аясында өтті.

Клуб отырысы «Н. Нұрмақов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының» 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Оқушылар «Ұшқан ұя» повесін естеріне түсіріп, батыр, жазушы Б.Момышұлының басқа да шығармаларына тоқталды. Ой бөлісу аясында повестегі қызықты жағдаяттарды әңгімелеп өттік. Шара соңында «Жазушы, тарих шежіре» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Comments are closed.