Бір Отан, бір тағдыр, бір жер

Бір Отан, бір тағдыр, бір жер

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында №38 гимназияның 4 сынып оқушыларымен, Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ЖОББМ 5 сынып оқушыларымен және Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек алу бөліміне бекітілген балалармен «Біз – бір халықпыз, біз – бір отбасымыз!» этнографиялық мерекесі өткізілді.

1 мамыр – бұл 120-дан астам этнос өкілдері тұратын еліміздегі бейбітшілік пен өзара түсіністікке өте қажетті достықтың және келісімнің мерекесі. Олардың әрқайсысының бірегей орны бар, бірақ олардың барлығы бірге – біртұтас халық. Оның басты мәні осында.

Балалар мерекенің тарихымен танысты, Қазақстан аумағында қандай халық тұратынын, олардың әде-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы білді.
Мерекеге қатысқандардың барлығы кітапханадағы жылулыққа толы, достық атмосферада ән айтты, би биледі және ұлттық ойындар ойнады, жарыстарға қатысты.

«Бұрыш» (орыс), «Ұшты – Ұшты» (татар), «Жасырынбақ» (осетин), «Киіз үй» (қазақ) ойындары; «Бізде Қазақстанда қандай халықтар тұрады?», «Зияткерлік сайыс» танымдық викторинасы өткізілді.

«Достық дөңгелек би» шағын флешмобымен аяқталды.

Comments are closed.