Ақпан 21, 2023 «Біз террорға қарсымыз!» бейбітшілік сағаты By odb-abai inЖаңалықтар Кітапхананың оқу залында «Біз террорға қарсымыз!» тақырыбы бейбітшілік сағаты өткізілді. Онда балаларға «діни экстремизм», «терроршылдық» ұғымдары кеңінен түсіндіріліп, лаңкестікке қарсы күрестің құқықтық негіздері, бұл істің қазіргі таңдағы ахуалы жөнінде мағлұматтар берілді. Адамзат қоғамын алаңдатқан, мемлекеттерді қыруар шығынға батырған «терроршылдық» дегеніміз не? Оның мақсаты не және одан қалай сақтануға болады? Оқырмандар тарапынан қойылған осындай сұрақтарға байланысты облыс дін істері басқармасының теолог маманы Ж.Б. Қарсыбекова бейнероликтер арқылы жан-жақты түсіндірмелер берді. Сондай-ақ, терроршылдықтың түрлері мен мақсат-міндеттері, төтенше жағдайлар кезiнде қолданылар қауiпсiздiк шаралары туралы да сөз болды. Шара соңынан кітапхана қызметкерлері тарапынан теракт кезiнде нендей іс-әрекеттер жасау керектігі жөнінде жазылған кітаптар мен мерзімді басылымдар жарияланымдарына шолу жасалды.