2024 жылға арналған маңызды күндер күнтізбесі [Мәтін] / құраст.: С. Жусупова. – Қарағанды: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ, 2023. – 49 б.

 

 

 

Қарағанды балаларының рухани ордасы (Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының 70 жылдығына). Место притяжения детей (к 70-летию Карагандинской областной детской библиотеки имени Абая) / құраст. Ж.Шаймұханбетова. – Қарағанды, 2023. – 188 б.
Жинақта Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының 70 жылдағы қызметінің панорамасы берілген.
Басылым Қарағанды облысының мәдениетінің даму тарихына қызығушылық танытатын қалың оқырманға арналған.

«Ұлттық және отбасылық дәстүрлерді сақтау мен дамытудағы балалар кітапханасының әлеуметтік-мәдени миссиясы» халықаралық ғылыми- әжірибелік конференциясы материалдарының жинағы (2022 жылы 28 ақпан) = Cборник материалов международной научно-практической онлайн конференции «Социокультурная миссия детской библиотеки в сохранении и развитии национальных и семейных традиций» / құраст. С.Жусупова; шығаруға жауапты Б.Уатаева – Қарағанды: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ, 2022. – 125 б.

Жаңа кітаптар[Мәтін]. – Қарағанды: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы», 2021. – 10 б.:сур.

Ең кішкентай оқырмандарға арналған буклет. Балалардың назарына ұсынып отырған «Аруна» басылымының «Анау не? Мынау не?» атты сериясының танымдық жаңа кітаптар топтамасы. Бұл кітаптар көптеген сұрақтарға жауап береді, балалар мен ата-аналар үшін пайдалы және көмекші құрал.

Кітапхананың алтын қоры[Мәтін]: раритеттік кітаптар. – Қарағанды: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы», 2021. – 10 б.:сур.

Оқырмандардың назарына кітапханамыздың сирек кездесетін қорынан балаларға арналған кітаптардің тізімін ұсынамыз, олардың авторлары – қазақ балалар әдебиетінің классиктері.
Кітаптар ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында» жарық көрген.
Бұл басылымдар – біздің қордың мақтанышы болып табылады!

Жаңа кітаптар[Мәтін]. – Қарағанды: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы», 2021. – 10 б.:сур.
Бұл буклетте «Мazmundama» баспасынан «Оқуға тиіс 10 кітап» топтамасымен шыққан белгілі шетелдік авторлардың аударылған мотивациялық кітаптары. Басылымдар жасөспірімдерге болашақ дағдыларын игеруге және табысты болуға көмектеседі.

Атаулы күндер күнтізбесі 2022 жыл [Мәтін] / құраст. : С. Ж. Жүсіпова. – Қарағанды: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ, 2021. – 55 б.

«Менің отбасымдағы Жеңіс күні» виртуалды акциясы = Виртуальная акция «День Победы в моей семье» [Электронды ресурс] : электронды шығармашылық жинақ / «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ ; құраст: Жүсіпова С.Ж., Смағұлова М.С., Әбдіғалым М.С. – Қарағанды, 2020. – 181 б. фото+видео+DVD

 

Бала жүрегіне жол тапқан: ақын Оразақын Асқардың туғанына 85 жыл [Мәтін] : әдістемелік-библиографиялық құрал / құраст.: М.С. Смагулова. – Қарағанды: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы», 2020. –   26 б.

Ұсынылып отырған әдістемелік-библиографиялық құрал оқырманға ақын Оразақын Асқардың өмірі мен шығармашылығымен таныстыруға көмек ретінде құрылған.

Әдістемелік-библиографиялық құралда сіздер ақынның өмірбаяны мен шығармалары жайлы ақпарат, кітаптарына шолу, әдебиеттердің библиогрфиялық тізімімен, іс-шара сценарийлері ұсынылған.

Басылым О.Асқардың шығармашылығы қызықтыратын көпшілік қауымға, кітапханашыларға, ұстаздар мен студенттерге арналған.

Атаулы күндер күнтізбесі 2021 жыл [Мәтін] / құраст. : С. Ж. Жүсіпова, М. С. Смағұлова . – Қарағанды: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ, 2020. –  43 б.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кезекті дәстүрлі  басылымы  – Атаулы күндер және айтулы оқиғалар күнтізбесі.

Бұл басылымда  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелері, мерейтойлық күндер мен жазушы, ақын, қоғам  қайраткерлерінің өмірі мен қызметі, 2021 жылы Қазақстан Республикасында және шет елдерде аталып өтілетін мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, атаулы және айтулы күндері, сондай-ақ анықталмаған атаулы күндер мен айлар, ақын-жазушылардың шығармалар тізімі көрсетілген.

Басылымға шетелдік және Қазақстандық авторлардың 2021 жылғы мерейтойлық кітаптары енгізілген.

Сонымен қоса күнтізбе құрамына 2021 жылғы белгілі балалар мерейгер жазушыларының  шығармашылық қызметінің   ақпараттық анықтамалығы және Абай атындағы Қарағанды облыстық  балалар кітапханасының қорынан әдебиеттер тізімі енгізілген.

 

Архив 2017-2020

Архив 2015-2016