Біздің Президент

Біздің Президент

1 желтоқсан – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ерекше күн. 1991 жылғы қыстың бірінші күні жалпыұлттық президенттік сайлау өтті.

2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Осы құжатқа сәйкес «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні»- деп жарияланды. Осылайша, 2012 жылдан бері бұл мереке елімізде атап өтіледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні республика алдындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін тану және атап өту үшін бекітілді.

27 және 28 қарашада «Сарыжайлау кинотеатрымен бірлесе №1 гимназияның 6 сынып және № 38 гимназиясы 9-10 сынып оқушылары үшін «Біздің Президент!» бейнесабағы өткізілді. Балалардың назарына «Елбасының өмірбаяны – елдің өмірбаяны»; «Адам. Тұлға. Президент»; «Тарих ағымында» тақырыптарындағы үш секциядан тұратын «Бірінші» электронды көрмесі ұсынылды, онда Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның еңбектері туралы материалдар қойылған. Балалар «Назарбаевтың моделі» деректі фильмін көрді (Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені), сонымен қатар «Менің елімнің Президенті» викторина ойынына белсене қатысты. Оқушылар адам және мемлекет басшысы ретіндегі Ұлт көшбасшысы туралы өздерінің білімдерін көрсетті.

Comments are closed.