Болашаққа бағытталған көзқарас

Болашаққа бағытталған көзқарас

          2021 жылы қазақ зиялыларының қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, көрнекті қайраткері, Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту қарсаңында кітапхана Алашорда көшбасшысына арналған «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты бейне дәрісін дайындады.
ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында елімізде орын алған ауқымды тарихи оқиғалардың қатысушысы болған Әлихан, тәуелсіздік үшін көп іс тындырды. Ә. Бөкейханов өз іс-әрекеттері мен идеяларымен Қазақстанның тарихи дамуының негізгі векторларын алдын ала анықтады. Оның көзқарасы әрқашан болашаққа бағытталған.
Бейнедәріс сабағы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Л. К. Шотбакованың қатысуымен ұйымдастырылды.
Дәріскер Ә.Бөкейхановтың өмірінің негізгі кезеңдері, оның түрлі салалардағы қызметі туралы өте қызықты айтып берді.
Оқырмандар Әлиханды ірі ғалым, публицист, этнограф және абайтанушы ретінде жаңаша көзқараспен қарауына мүмкіндік туды.
Бейнедәріс сабақ материалдарымен әр оқырман кітапхананың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан таныса алады.

IMG_1309
IMG_1310
IMG_1311

Comments are closed.