Василий (Василь)

Владимирович Быков

(1924-2003)

Белоруссияның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Социалистік Еңбек Ері.

В.Быков 1924 жылғы 19 маусымда Витебск облысы Ушачск ауданының Бычки деревнясында шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағынан сурет салумен әуестенді. Ол Витебск көркем мектебінің мүсіндік бөлімінде оқып (1939-1940), стипендияны алып тастауына байланысты және ФЗО мектебінде (1941 жылдың мамырына дейін) оқыды. 1941 жылдың маусым айында сырттай 10 сыныпқа емтихан тапсырды.

1942 жылдың жазында әскерге шақырылды. Кривой Рог үшін болған шайқастарға, Румынияны босатуға қатысты. Әрекеттегі армияның қатарында аға лейтенант, полк взводының, одан кейін артиллерия әскерінің командирі атақтарында Болгария, Венгрия, Югославия, Австриядан жүріп өтті.

Василь Быковтың еңбектерінің көпшілігі – повестеріндегі оқиғалар Ұлы Отан соғысы кезіндегі орын алған, оларда өмірдегі ең күрделі сәттердегі адамның адамгершілік таңдауын көрсетеді.

«Третья ракета»» (1961) повесі Василий Быковті әйгілі етті. Сондай-ақ, 1960-70 жылдары әлемге әйгілі Альпийская баллада», «Мертвым не больно», «Сотников», «Обелиск», «Дожить до рассвета», «Пойти и не вернуться», «Западня»повестері жарияланды, соғыс жылдары туралы көптеген повестері экранға шықты.

Василь Быков көптеген шығармаларын беларус тілінде жазған, олардың көпшілігін өзі орыс тіліне аударған. Оның әдеби шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

2014 жылы Ждановичи саяжай кентінде «Музей-дача Василя Быкова» белорус әдебиетінің тарихы мемлекеттік мұражайының филиалы ашылды.

Белоруссияның көптеген қалаларында – Гродно, Белосток, Ждановичи, Фаниполе көшелеріне жазушының есімі берілген.

Василь Быковтың Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары: