Желтоқсан 4, 2024 «Қыс қызығы» By odb-abai inЖаңалықтар Барлығына «Қыс қызығы» тақырыбындағы қолөнер бұйымдарын жасау ұнайды. Қыс туралы көптеген өлең-тақпақтар бар, олар қысқы табиғаттың сұлулығы мен қуанышты көңіл-күйді сезінуге көмектеседі.
Желтоқсан 3, 2024 Рождестволық шеберханалар: «Plätzchen» Рождестволық тәттісін және Рождестволық етік жасау By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада неміс мәдениеті апталығының күндері өтуде, бүгін Қарағанды облыстық «Wiedergeburt» неміс орталығының қызметкерлері балаларға Рождество мерекелік атмосферасын сезіндіре білді. №3 гимназиясының 2 «В» сынып оқушылары өз қолдарымен рождестволық шұлықтарды және дәстүрлі «Plätzchen» неміс печеньесін безендірді. Шұлықтар мен печеньелерді дайындау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Желтоқсан 2, 2024 ГЕРМАНИЯ МӘДЕНИЕТІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада «Мәдениеттер тоғысында» жобасы аясында іс-шаралар жалғасуда. Бүгін Қарағанды облыстық «Wiedergeburt неміс орталығының» қатысуымен Германия мәдениеті күндерінің ашылу салтанаты өтті. Мәдени апталықтың ашылуында қонақтар мен оқырмандар назарына кітапхана қорындағы неміс тіліндегі әдебиеттер, аударма кітаптар, ертегілерге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы қорынан ХХ ғасырдағы неміс суретшілерінің экслибрисі ұсынылып, «Wiedergeburt» неміс орталығындағы «Basteln» қолөнер үйірмесінің жұмыстары көрсетілді. Шара барысында №97 гимназияның оқушылары би флэшмобына қатысып, неміс биін үйренді.
Желтоқсан 1, 2024 «Құстар асханасы» By odb-abai inЖаңалықтар Қыс мезгілі басталып та кетті. Айналаныз бәрі аппақ қарға оранған. Балалар «Шеге мен балға» үйірмесінің кезекті сабағында қыста қыстайтын құстарға арнап ұя және жем салғыштар жасады. Балалар құстарға қамқорлық танытып, көмек қолын созды.
Желтоқсан 1, 2024 «Қауырсын қалам» клубы By odb-abai inЖаңалықтар «Қауырсын қалам» әдеби клубы өлең немесе әңгіме жазатын талантты балаларды іздеуді жалғастыруда. Жексенбі күндері балалар кітапханаға жиналып, шығармашылықтарымен бөліседі. Кітапхана жыл сайын жас авторлардың тың туындылары жарық көрген альманах шығарады. Сонымен қатар клуб жетекшісі үйірме мүшелері жазған мақала мен өлеңдерді республикалық журнал және газеттерде шығаруға көмектеседі. Алдағы уақытта болашақ ақындар мен жазушыларды күтеміз!
Қараша 28, 2024 «Әдемі сөйле» курсы By odb-abai inЖаңалықтар «Әдемі сөйле» курсының бүгінгі дәрісіне Қарағанды қыздар «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары қатысты. Қыздар әдемі сөйлеудің, мәнерлі сөйлеудің қыр-сырымен танысты. Нақтырақ айтсақ: – дыбыстардың анық, таза шығуы үшін артикуляциялық жаттығулар жасады; – дұрыс дем алу үшін диафрагмамен жұмыс істеуді үйренді; – сөздік қорды арттырудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. – мидың екі жарты шарын іске қосатын нейрогимнастикалық жаттығуларды жасап көрді; – әдемі дауысты қалыптастырудың әдістерін үйренді. Сөз өнеріне машықтанып, әдемі сөйлеуді үйренгісі келетін жоғары сынып оқушыларын әр жұма сайын сағат 16:00 күтеміз!
Қараша 27, 2024 Библиодесант By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін №16 ЖББМ балалары Абай атындағы балалар кітапханасымен сырттай танысуға мүмкіндік алды. Көптеген балалар кітапханамен таныс, бірақ мектеп қабырғасында кітапханашылармен кездесу ерекше қызықты болды. Акт залында балалар шағын және ойыншық кітаптарды, панорама кітаптарды, 3D қосымшалары бар энциклопедиялармен танысты. Сондай-ақ, клубтар мен үйірмелердің қызметі туралы, кітапхана сайты жайлы білді. Кітапханашылар қыс айларында кітапханада өтетін іс-шаралар туралы айтып, оқушыларды қысқы демалыс кезінде кітапханаға келуге шақырды.
Қараша 25, 2024 «Құстарды қоректендіргіш» By odb-abai inЖаңалықтар Суық мезгіл келді, яғни жемсауыт жасау уақыты келді. «Шеге мен балға» үйірмесінің қатысушылары құстарға арналған жемсауыт жасауға құлшыныспен кірісті. Біреулер аралады, біреулер бұрғылады, басқалары шеге қакты… Жұмыстың көп бөлігі жасалды, бірақ соңғы нүкте қойылмаған және дайын жемсауытты келесі сабақта көреміз.
Қараша 24, 2024 Фоамираннан жасалған сөмке. By odb-abai inЖаңалықтар «Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағында балалар пластикалық бөтелкеден сөмке жасауды үйренді. Өз қолдарымен жасаған сөмкені күнделікті қолдануға немесе сыйлыққа табыстауға болады.
Қараша 22, 2024 «Қарағандының өшпес есімдері» бейнерепортаждар байқауының қорытындысы By odb-abai inЖаңалықтар Достар! Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «Қарағандының өшпес есімдері» облыстық бейнерепортаждар байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға Қарағанды, Саран, Абай, Шахтинск, Приозерск, Теміртау, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Шет және Осакаров аудандарының балалары қатысты. Сайысқа қатысқан үміткерлер Қарағанды қаласының дамуына үлкен үлес қосқан танымал тұлғалар туралы қазақ және орыс тілдерінде 30 бейнерепортаж ұсынды. Әділ қазылар құрамы: мобилограф, «Орталық Қазақстан» газетінің интернет-редакциясының маманы А. Балпанова; Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бас сақтаушысы Д. Сәкімбай; «5 канал» ТК телеоператоры З. Есмахаев; Қарағанды облысы Мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын жинақтау және құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бөлімінің басшысы Қ. Жұмабекова сынды тұлғалардан тұратын құзыретті қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. I орын (гироскутер жүлдесі) – Қалдыбай Жібек, Қарағанды қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицей. II орын (смарт-сағат сыйлығы) – Жұман Сәкен, Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, С.Торайғыров атындағы мектеп. III орын (жүлде 3D-қалам) – Кривая Александра, Қарағанды қ., Қарағанды жоғары политехникалық колледжі; Адамбай Анара, Қарағанды қ., Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі. Номинациялар бойынша жеңімпаздар (сыйлық-акустикалық жүйе): «Креативті идея» – Мерц Павел, Қарағанды қаласы, Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы. «Үздік бейнесюжет» – Сермаханов Ернұр, Теміртау қаласы, Ғ. Мұстафин атындағы мектеп. «Үздік техникалық шешім» – Өмірбек Айзара, Қарағанды қаласы, №85 орта мектеп. «Тақырыпты ашу шебері» – Өмірбек Іңкәр, Қарағанды қаласы, Ж.Ақбаев атындағы мектеп. «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясы бойынша Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенті Жаркимбекова Бағым бейнесюжеті көш бастады. Оның шығармашылық жұмысы YOUTUBE-те Абай атындағы балалар кітапханасының арнасында ең көп қаралым жинады – 2381. Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаз жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!