«Ықылас – қобыздың атасы» музыкалық портфолио

Биыл қазақ халқының ұлы күйшісі, қазақ күй өнеріндегі айрықша құбылыс болған Ықылас Дүкенұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Даңқты қобызшының мерейтойына орай кітапханада «Ықылас – қобыздың атасы» атты музыкалық портфолио өткізілді.
Шараға Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің қылқобыз сыныбының ұстазы Ж.Ы. Жұмабеков, мамандандырылған музыка мектеп-интернатының қобыз аспабының ұстазы М. А. Оразбекова қатысты.
Ықылас Дүкенұлы қазақ тарихында қайталанбас қобызшы ретінде қалған тұлға. Сонымен қатар Қорқыт баба жолын жалғастырушы күйшінің «Аққу», «Жезкиік», «Қамбар-Назым», «Қасқыр», «Кертолғау» сынды күйлері халық арасына кең тараған. Басқосуға жиналған аталмыш кеште Ықылас мұрасына ерекше ықылас танытып, қобызшының күйлері жөнінде әңгіме өрбіді. Балаларға назарына күйшінің ең таңдаулы музыкалық шығармалары ұсынылды.

Интеллектуалды ойын «Мен бесінші сынып оқушысынан ақылдымын ба?»

Кітапханада мектеп бағдарламасымен сайысқа түсуге тәуекел еткен ересек адамға арналған зияткерлік ойын өтті. Ойынға №97 гимназияның 5-сынып жетекшісі Елена Юрьевна Крапивина қатысты. Қатысушы әдебиет, математика, информатика, жаратылыстану және өлкетану пәндеріне арналған тақырыптар бойынша 15 сұраққа жауап берді. Мұғалімге ең үздік жақсы оқитын оқушылар көмектесіп отырды. Жас мұғалім 11 ұпай жинап, «Үздік ұстаз» мүсіншесін жеңіп алды.
Шара оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі.

«Жеміс шырынының сиқыры»

14 сәуірде «Көңілді ғылым» кітапханалық зертханасында 5-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Жеміс шырынының сиқыры» атты тәжірибие өткізілді.
Бұл тәжірибе үшін біз қарапайым шарлар мен лимонды қолдандық.
Тәжірибе барысында лимон шырынының сиқырына көз жеткіздік, яғни құрамындағы лимоненнің әсерінен шарлар жарылып қалды.
Біз бұл тәжірибе арқылы лимоненнің резеңкені ерітуде керемет қабілетке ие екендігін аңғардық, және оқырмандарға цитрус өсімдіктерінің қасиеті жайлы қосымша ақпарат беріп, кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстырдық.
Соңында оқырмандар үй жағдайында осы тәжірибені жасап
көретіндерін айтып өздерінің әсерлерімен бөлісті.

Кітапханалық библиодесант

Бүгін кітапханашылар сырттай экскурсияны жалғастырып №6, 21 ЖББМ мектептеріне барды.
Бұл жолы кітапханашылар оқушыларға Абай атындағы балалар кітапханасының қызметтері туралы айтты. Қызметкерлер кітапхананың кітап қорымен таныстырып әртүрлі тілдердегі ең көп оқылатын басылымдарды және жаңадан түскен балалар әдебиеттерімен таныстырды.
Осындай экскурсиялар мектептермен тығыз ынтымақтастықты күшейтеді және оқырмандарды кітап оқуға тартады.

 

«Шуақ»

«Шуақ» шығармашылық студиясының қатысушылары Ғарышкерлер күніне орай А.Богдариннің «Космическое приключения» кітабын оқығаннан кейін «Ғарышқа саяхат» апликациясын жасады.

 

«Пайдалы дағдылар аумағы» коммуникативтік тренингі

Кітапханада жасөспірімдерге арналған «Пайдалы дағдылар аумағы» коммуникативтік тренингі өтті. Коуч-жаттықтырушы ретінде «Натиже» компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Ерлан Әшім мырза сөз сөйледі.
Тренинг барысында Е.Әшім балаларға өзін-өзі дамыту адам үшін өте маңызды екенін түсіндірді. Өсу және өзгеру үшін адам өзінің қорқыныштары мен әлсіздіктерімен күресіп, күнделікті өз бетімен жұмыс істеуі керек. Тренингте өзін-өзі басқаруды, өздеріне не керектігін, өз мүмкіндіктерін объективті бағалауды, бір сөзбен айтқанда, өз-өзімен жұмыс жасауға үйретті.

Кітапхана серіктестік байланыстарын нығайту шарасы жалғасуда…

Кітапхана серіктестік байланыстарын нығайту үшін «Думан» бөбекжайы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы арасында ынтымақтастықта туралы меморандумға қол қойылды. Шараға мұғалімдер, ата-аналар комитетінің мүшелері және «Думан» бөбекжайының тәрбиеленушілері қатысты. Құжатқа салтанатты қол қою барысында тараптар мен міндеттемелер айтылып, одан әрі бірлескен іс-шаралардың жоспары талқыланды.

 

«Балаларға арналған Үздік жоба»

Бүгін кітапханамыздың 70 жылдық мерейтойы аясында Қарағанды облысының кітапханалары арасында «Балаларға арналған Үздік жоба» облыстық байқауының қорытынды туры өтті.
Байқауға жіберілген жобалардың қорытындысы бойынша іріктеу кезеңінен өткен 9 финалист кітапхана таңдалды: Ақтоғай ОКЖ-нің Ақжарық үлгілі ауыл кітапханасы, Балқаш қ. ОКЖ-нің А. Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы, Қарағанды ОКЖ-нің № 1 балаларға қызмет көрсету бойынша филиалы, Қарағанды ОКЖ-нің № 16 филиалы, Нұра ОКЖ-нің аудандық балалар кітапханасы, Теміртау ОКЖ-нің балаларға арналған №6 филиалы, Саран ОКЖ-нің Орталық қалалық кітапханасы, Шет ОКЖ-нің аудандық балалар кітапханасы, Шахтинск ОКЖ-нің №12 балалар кітапханасының-филиалы.
Жобалар ҚР мәдени мұрасын сақтау, өзінің тұрғылықты жері туралы өлкетану білімін қалыптастыру, кітап арқылы қоршаған әлемді тану, экологиялық тәрбие, оқушылардың бос уақытын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін бос уақытты ұйымдастыру сынды әр түрлі тақырыпты қамтыған. Облыс кітапханашылары үшін бұл өз жобаларын көпшілік алдында қорғау тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар қазылар алқасының тәжірибелі сарапшылар қатарындағы: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Е.М.Теплюктен,  Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК басшысы Д. Б. Аманжоловадан, Ж. Бектұров атындағы ОЖК басшысы Н. К. Каленовадан, Абай атындағы ОБК басшысы Б. К. Уатаевадан және зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың басшысы А.С.Шаймуханбетовадан кәсіби кеңес алуға жақсы мүмкіндік болды.
«Балаларға арналған Үздік жоба» облыстық байқауында Ақтоғай ОКЖ-нің Ақжарық үлгілі ауыл кітапханасының «Өз ойыңнан ертегі құрастыр!» жобасы ең үздік деп танылып , және аталмыш жоба «Рухани қазына – 2023» мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестиваліне жолдама алды.
Жеңімпаз кітапхана Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Дипломымен марапатталып, құнды жүлде ретінде көп қызметтік құрылғы (КҚҚ) табысталды.

 

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Кітапханада «Еркетайым» балабақшасының «Солнышко» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің саба5ы «Санап үйренейік» тақырыбында өткізілді.
Бүгінгі сабақ барысы ойын түрінде өткізілді. Балалар сандармен танысып, «Он саусақ» ойынын ойнап, жасырын тұрған сандарды тауып, қазақша атауын айтып тапсырмаларды тиянақты орындады. Сабақ өте қызықты әрі көңілді болды. Сабақ соңында бүлдіршіндер «Санау әні» атты бейнеролигін тамашалады.

Экскурсия

Кітапхана мамандары «Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі» ЖММ 1 курс студенттері үшін «Заманауи кітапханаға келу» экскурсиясын өткізді. Заманауи кітапхана өз оқырмандарына қазіргі заманғы технологиялар мен қызметтерді ұсына отырып, білім мен өзін-өзі дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Қонақтар кітапхана тарихымен, кітапхананы пайдалану ережелерімен, бөлімдердің ерекшеліктерімен ақпараттық ресурстармен танысты.
Студенттер кітапхана қызметкерлеріне қызықты экскурсия мен жылы қабылдауларына алғыс білдіріп, тағы келетіндеріне уәде берді.