НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы аясында «Қобыланды батыр» эпосынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқау өткізіледі. Байқау 13-15 жас аралығындағы балалар арасында қазақ тілінде екі кезең бойынша өтеді.
– Бірінші кезеңде байқауға қатысушы әр үміткер 2023 жылдың 1-ші қазан күні кітапхана «Қобланды батыр» қазақ халқының қаһармандық жыры бойынша тестілеуден өтеді.
– Екінші кезеңде 2023 жылдың 5 қазан күні Абай атындағы балалар кітапханасында «Қобланды батыр» қазақ халқының қаһармандық жырын мәнерлеп жатқа айтудан сынға түседі.
Байқау ережесі лентада…
Сайысқа өтінім 2023 жылдың 25 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

«Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» кітапхананалық нон-стоп

Абай атындағы балалар кітапханасына Нұркен Әбдіров атындағы ЖББМ 6 сынып оқушылары алғаш рет экскурсияға келді. Кітапханашылар білім ордасының барлық бөлімдеріне танысу экскурсиясын ұйымдастырып, кітапхана тарихын баяндады, жаңа кітаптармен таныстырды.
Тілек білдірушілер тіркеуден өтіп, кітапхананың жаңа оқырмандары болды.

“Дауыстап оқу”

Кітапханада 2 сәуірде Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай «Жұмбақтар салынған чемодан» атты әдеби викторина өткізіліп, оқырмандар балалар кітап оқу мерекесінің тарихымен таныстырылды. Балалар кітаптың әр адам өміріндегі маңыздылығын, кітап не үшін қажет екенін білді, өз бетінше оқыған алғашқы кітаптарын еске түсірді, викториналық сұрақтарға жауап берді.

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Тамшы сырға» жасау тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі сырғаны проволка, қысқыш құралдар пайдаланып, ашық әрі нәзік түсті майда моншақтардан жасап үйренді.

 

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Кітапханада «Еркетайым» балабақшасының «Буратино» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Ойыншықтар әлемі» тақырыбында өткізілді.
Кітапханашы балаларға ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын қазақ тілінде дұрыс айтып үйренді. Сабақ соңында бүлдіршіндер «Ойыншықтар еліне саяхат» атты бейнеролигін тамашалады.

«ОҚЫРМАН БЕНЕФИСІ»

Кітапханада 29 наурызда балалар кітабы апталығын қорытындылайтын «Оқырман бенефисі» мерекелік-құттықтау бағдарламасы өтті.
Іс-шара барысында 2022 жылы кітапханаға үзбей келіп, өз белсенділіктерін танытқан үздік оқырман балалар мен оқырман отбасылар тоғыз номинация бойынша марапатталды.
2023 жылы алғаш кітапхана табалдырығын аттаған оқырманымыз Н. Әбдіров атындағы мектептің 1 «б» сыныбының оқушысы Ивлев Егор «Ең бірінші оқырман» номинациясымен марапатталса, 4 жасар Еркін Еркем «Ең кішкентай оқырман» номинациясымен марапатталды. «Ең адал оқырман» номинациясына Әбілқас Сағынов атындағы ҚТУ Көлік және логистика факультетінің бірінші курс студенті – Лебединский Андрей лайық деп танылды.
Оқырманның жанр таңдаудағы талғамына қарай «Фэнтези оқырманы» номинациясымен Г. Потанин атындағы мектептің 7 «В» сынып оқушысы -Пономарев Дмитрий; «Детектив оқырманы» Ә.Ермеков мектеп-лицейінің 8 «А» сынып оқушысы – Тоқтасын Айзере; дәл осындай номинациямен – №93 гимназияның 1 «Д» сынып оқушысы Сыздықова Сана марапатталса, «Мәңгілік классика» номинациясы – № 30 мектептің 11 «Б» сынып оқушысы Нигороженко Юлияға бұйырды.
Сондай-ақ, «Оқу рекордсмені» – №17 мектептің 2 «г» сынып оқушысы Ильин Владислав және Г. Потанин атындағы 6 «Б» сынып оқушысы Кадиров Ади болды.
«Кітапхана досы» номинациясын ,№97 гимназияның 1 «б» сынып оқушысы Доскей Саида мен №30 мектептің 9 «Б» сынып оқушысы Шапеева Диана иемденді.
Биыл «Ең көп оқитын отбасы» екі бірдей отбасына табысталды. Олар Куценко отбасы: Отбасы мүшелері: анасы Чеботарева А.В., балалары «НЗМ» ДББҰ 9 «Е» сынып оқушысы Куценко Артем,№ 97 гимназияның 6 «Б» сынып оқушысы Куценко Николь және «Бақыт» бала -бақшасының тәрбиеленушісі Куценко Мишель.
Ал екінші номинант Асаиновтар отбасы. Ата-анасы Асаинов Ә.Ғ., Маударбекова Б.Қ., балалары Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейдің 1 «е» сынып оқушысы- Асаинова Амира мен мектеп жасына дейінгі Асаинов Арсен.
Дипломдарды тапсыру рәсіміне Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, білім беру ісінің құрметті қызметкері И.Б. Киселева; Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Жабаева С. С.; «KAZMEDIA» РИА ЖШС басшысы Ермакова Т. Г.; «Гвоздичка» балабақшасының әдіскері Сыздықова Ш. К.; және әріптесіміз Қарағанды қаласы «ОКЖ» КММ балаларға қызмет көрсету бойынша №1 филиалының меңгерушісі Тезекбаева Ә.Е. және №2 мамандандырылған мектеп интернатының кітапхана меңгерушісі Нафталова.Н.К., кітапхана ісінің ардагері Әбілсейітова С.Б. арнайы шақырылды.
Қонақтарымыз кітапханада жылдар бойы ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеп келе жатқан тұлғалар, олар өз тарапынан жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыстады.
Барлық номинанттарды Абай атындағы ОБК дипломдарымен марапаттап, естелікке Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабын сыйға тарттық.
Мерекеде Шалимова Алла, Давлатияр Аружан, Төлеуқасымова Қарақат, Төлеу Елназар, Ведман Александра оқырмандарға ән-шашуларын тарту етіп, іс-шараға белсене қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.

«Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» топтамасының тұсаукесері

Балалар кітабының апталығы жалғасуда әр күні қызықты және танымдық іс-шараларға толы болды, ал бүгінгі күн оқырман жадында мәңгі сақталары сөзсіз. Біз 2022 жылы Балалар жылы аясында жарық көрген «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» 10 томдық кітаптар жинағының тұсаукесер рәсімін өткіздік.
Шараға антологияны құрастырушы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдебиеті сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Байбота Қошым-Ноғай Алматы қаласынан арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Он томдық «Қуыр-қуыр, Қуырмаш», «Ағайынбыз бәріміз», «Бейбіт күн», «Ғажайып құмыра», «Балапан», «Алтын киік», «Ортаншы ұл», «Алатау ертегісі», «Қарлығаштың ұясы», «Мынау ғазиз дүние» атты он кітаптан тұрады.
Іс-шараға Қарағанды облысы балалар кітапханасының кітапханашылары мен мектеп кітапханашылары, қала мектептерінің оқушылары, колледж студентері қатысты.
Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері Сүйіндік Жанысбай көп томдықтың тұсаукесерімен құттықтады.
Мұндай кітаптар кітапхана қорында көбейген сайын оқырмандар саны да артады. «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» шын мәнінде балалардың талғамына сай етіп дайындалған еңбектің бірі.
Бұл топтама өзінің жан-жақтылығымен ерекше әрі бала сүйсініп оқитындай, жалығып кетпейтіндей тілі жеңіл болғанмен терең танымға толы шығармалардан құралған.
Кітапхана қорының осындай орны бөлек кітаппен толыққанына біз өте қуаныштымыз.

«Ардақты азамат жұрт жадында» дөңгелек үстел

Бүгін кітапханада қоғам қайраткері, Алаштың ардақты перзенті Жанайдар Садуақасовтың туғанына – 125 жыл толуына орай «Ардақты азамат жұрт жадында» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің археология, этнология және отан тарихы кафедрасының оқытушысы Қ.Е.Түсіпбек, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі А.К.Тарыбаева, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері А.К.Усманова және Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің оқушылары қатысты.
Шара барысында Ж.Сəдуақасовтың еңбектері, атқарған қызметтері жайлы мағлұмат беріліп, қуғын-сүргін құрбандары жайлы «Жазықсыз жапа шеккендер» атты бейнеролик көпшіліктің назарына ұсынылды.

«Ертегі ойнаймыз» библиоперфонсы

Апталық аясында кітапханада 27 наурыз Халықаралық театр күніне орай «Ертегі ойнаймыз» библиоперфонсы өткізілді.
Библиоперфоманс – театр мен кітапхананың коллаборациясы, балаларды кітап оқу мен театр әлеміне деген қызығушылықтарын оятуды мақсат етеді.
Шара барысында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының әртісі Ануар Маржан оқырмандарға ойын түрінде актерлік шеберлік сағатын өткізді. Ануар Маржан балаларды қатыстырып дикция мен сөйлеуді жақсартуға арналған түрлі жаттығулар жасап, монолог оқыды. Сонымен қатар «Дарынды бала» көшбасшылықты дамыту балабақшасының ұстаздары балаларға «Дарынды бала әлемі» кітабы бойынша ертегілерге қойылымдар қойды.
Іс-шараға №21 негізгі орта мектептің 1 және 4 сынып оқушылары қатысты.

«Қауырсың қалам» клубы

Кітапханада Қарағандылық ақыны, музыкант Вадим Кимнің қатысуымен «Мастера слова тоже шутят» шығармашылық зертханасы өтті. Олар гитара, музыка, кино және поэтикалық шығармашылықтың алғашқы қадамдары туралы айтты. Вадим өзінің бірнеше әннің гитарада орындады, балалар ақынға сұрақтар қойып тұшымды жауаптар алды.