«Полимер құрттары»

21 мамырда «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Полимер құрттары» тәжірибесі өткізілді. Балалар көп клеткалы жануарлар әлемімен танысты. Зертханамызда балалар полимер құрттарын қалай дайындауға болатынын, олардың қандай керемет қасиеттері бар екенін білуге мүмкіндік алды. Өткізілген тәжірибе қарапайым және қауіпсіз, ол үшін натрий альгинаты, кальций хлориді, қызыл мен жасыл бояғыш және жылы су пайдаланылды.
Қызықты да танымды, оңай өткен практикалық сабақтың соңында «Таңғажайып тәжірибелер мен эксперименттер» атты кітаптардың шолуы жүргізілді.

1
2
3
4
5
6

«Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік балалар немесе жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапханасы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен 2021 жылы 18-21 мамыр аралығында Ақмола облысы, Шучье-Бурабай курорттық аймағы, Көкшетау қаласында Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» фестивалі өтті. Іс-шараға Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б. Уатаева, мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімнің кітапханашысы О. Вольф қатысты.
«Рухани қазына» байқауы төртінші жыл қатарынан мәдениет пен өнер саласындағы дарынды мамандарды қолдау үшін өткізіліп келеді. Биылғы жылы байқаудың 50 түрлі номинациясына қатысу үшін мемлекеттік мұражайлардан, кітапханалардан, қоғамдық орталықтар мен ауылдық клубтардан 300-ден астам өтінім түсті.
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының «Рухани қазына -2021» онлайн фестивалінің қорытындысы бойынша «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік балалар немесе жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болды.
Құрметті әріптестер, марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.

photo_2021-05-26_17-37-48
2
3
4
5

 

 

«Кел, қазақша сөйлейік!»

20 мамыр күні «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Музыка арқылы әріптерді жаттау» тақырыбында өткізілді. Сабақ «Гвоздичка» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті.
Балалар «Әліппе» бейнеролигін тамашалап, әріптерді қазақ тілінде айтып үйренді. Көрнекілік құрал арқылы бүлдіршіндер қазақ әліпбиінің әріптеріне сөздер құрастырып үйренді.

IMG_3190
IMG_3198
IMG_3201
IMG_3223
IMG_3228
IMG_3241
IMG_3243

«Қауырсын қалам» әдеби клубы

17 мамыр күні кітапханада «Қауырсын қалам» әдеби клубының кезекті отырысы өтті. Клуб жаңа мүшелермен толықты. Отырысқа келген «№41 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» оқушысы Аяулым Ерлан, «№48 жалпы білім беретін орта мектебі» Гүлниса Нажмадинова, «№63 жалпы білім беретін орта мектебі» Михаил Горобцов, Анжелика және Маргарита Кабаковалар т.б. оқушылар өздерін таныстырып, шығармаларын оқыды.
Сонымен қатар, оқушылар дөңгелек үстелде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша биыл оқуға ұсынылған әдебиеттер жайлы ой бөлісті. Көптеген шығармалар біздің оқырмандарға таныс болып шықты. Әсіресе балалардың қызығушылығын тудырған қазақ тіліндегі Ж.К.Роулиңнің «Хәрри Поттер» шығармалары.

photo_2021-05-18_10-53-07
photo_2021-05-18_10-53-10
photo_2021-05-18_10-53-13
photo_2021-05-18_10-53-19

 

Эмин Аскеровтің қатысуымен «Жетістік формуласы» тележобасы

Әлеуметтік кәсіпкер, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Аскеровпен кездесумен «Жетістік формуласы» теледидар жобасы түсірілімінің жаңа маусымы басталды. 04.06.21 ж. бағдарлама эфирге шықты.
Жоба 2021 жылы жаңа түсірілім алаңымен, жаңа қонақтармен, жаңа қатысушылармен, жаңа идеялармен бастау алды.
Эмин Аскеров Қазақстан халқының әлеуметтік осал топтарының өкілдерін (мүгедектер, балалар үйінің түлектері, жалғызбасты аналар, бұрын сотталған) жұмысқа орналастыруға көмектеседі, сонымен қатар ол әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы және шешендік өнер мен бизнес жаттықтырушысы.
2021 жылғы 17 мамырда №93 гимназияның, Қ.Сәтбаев атындағы гимназияның, Қарағанды коммерциялық колледжінің, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының оқушылары (28 адам) шығарылым кейіпкерімен кездесуге келді.
Көрермендер қонақты жылы қарсы алды. Қатысушылар сұхбатты тағатсыздана күтіп, бірден сұрақтар қоюға көшті.
Эминнің әлеуметтік қызметке деген адалдығы осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен анасының арқасында пайда болды. Ол ұлына адамдарға көмектесудің қаншалықты маңызды екендігі туралы ойды жеткізді.
Болашақ әлеуметтік кәсіпкердің балалық шағы қалай өткенін, қонақтың кіммен дос болғанын, кімге ғашық болғанын, өмірін өзінің негізгі кәсібіне арнаймын деп шешкенде неден шабыт алғанын, адамның қандай қасиеттерін маңызды деп санайтынын, неге қызығушылық танытатынын, нені оқитынын және басқаларын білу балаларға қызықты болды.
Қонақ музыка сабағы, қылмыстық іздестіру бөлімінде жұмыс жасау, Назарбаев университетіндегі оқытушылық қызметі және бизнес саласындағы сынақтар мен қателіктер кезеңі қамтылған өмірбаянымен балалармен бөлісті.
Жас кәсіпкер балаларға «өздерін табуға және сүйікті ісімен айналысуға», ал табысты болу үшін «өзінің қорқыныштарын ұмытып, мақсат қойып, оған жетуге ұмтылуға» кеңес берді. «Табыстың 95%-ы – сендер, 5%-ы – сыртқы жағдайлар. Сендердің кім болатындарың тек қана өздеріңе байланысты», – деді бағдарлама қонағы.
Эмин өзін қандай да бір ережелер аясындае өмір сүре алмайтын ерекше адам ретінде көрсетті. Әңгіме өте көңілді әрі қызықты болды. Аудитория ғана емес, қонақтың өзі де сұрақтар қойды.
Үздік сұрақты таңдау уақыты келгенде, Эмин бұл жерде де өзінің ерекшелігін көрсетті – ол бір адамды емес, бәрін таңдады. Және жақын арада барлығына GreenTal-басқатырғыштар – естелік сыйлықтарын жіберуге уәде берді.
Бағдарлама шарты бойынша қонақ балаларға бір сұрақ қоя алады, ал ол «Білім беру жүйесінде нені өзгерту керек?» – деген сұрақ болды. Бағдарламаға қатысушылардың елдегі білім сапасына қатты алаңдайтыны және оны жақсартқысы келетіні белгілі болды.
Дәстүр бойынша кездесу кітап сыйлығымен аяқталды. Басты кейіпкер ұйымдастырушылардан Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» сыйлық кітабын алды.

IMG_3137
IMG_3138
IMG_3152
IMG_3157
IMG_3160
IMG_3166
IMG_3170

«Free Style» арт – шеберханасы

Мамыр айының 16 күні «Free Style» арт – шеберханасының кезекті сабағы өткізілді. Үйірме жетекшісі балаларға кесте өнерінің ертеден келе жатқан ұлттық өнердің қастерлі бөлігі екендігін түсіндіріп, кестенің түрлерімен таныстырды.
Үйірмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары №93 гимназияның 2 «В» сынып оқушысы Көркем Еркін, №78 НОМ 2 және 6 сынып оқушылары Милана мен Алина Толчевалар қатысты.
Балалар «Маржандап, моншақтау кестелеу» әдісімен кесте тігуді үйренді. Бұл әдіспен кестелеу әйелдердің бас киімдері тақия, сәукеле, бөрік және камзолдар мен шапандарға кестелейді.

48d941b1-4616-4886-b909-8594e2e2f17e
53bf8eb0-f136-494d-bc99-16a2194449e6
3295d6f5-efeb-4487-88d4-835ca8a9c29f (1)
3295d6f5-efeb-4487-88d4-835ca8a9c29f
4288fc11-8f49-4614-81ef-5272830289e3
10569a1a-5622-4b34-9f46-e8ec1a3a9c04
b2a62bc9-a181-4866-a4e5-cd7ccec7e4e4
c52888a9-2a53-4514-bff6-a3f6ab57a6e1

«Кел, қазақша сөйлейік!»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Көктем сәні» тақырыбында өткізілді. Үйірмеге «Айым» балабақшасының бүлдіршіндері қатысты.
Сабақта балалар көктем сәні – гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар жайлы және көктем мезгілінің ерекшеліктерімен танысты.
Бүлдіршіндер үшін өте қызықты сабақ болды.

1
2
3
4
5
29afbded-201c-40c2-8be7-71834c7a61ff
b6f4365b-e6e2-4b09-a01c-d8690a1e615c
fa762d1a-8041-4625-841e-607919d5b42e

 

«Супер әке. Супер папа» атты шығармашылық бейнежұмыстарының облыстық онлайн байқауы

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы жас жеткіншекте үйлесімді рухани-адамгершілік тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ете отырып, отбасының басшысы – әкенің отбасындағы бейнесін ілгерілету, отбасылық дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды қайта құруға бағытталған «Супер әке. Супер папа» шығармашылық бейнежұмыстар байқауының аяқталғанын хабарлайды.
Байқауға белсенді қатысқаны үшін барлық жазылушыларға алғыс айтамыз, 69 жұмыс қабылданды.
6 мамыр күні сағат 16.00-де @odb_abai Instagram аккаунтында онлайн эфирде байқау қорытындысы шығарылды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
Қазылар алқасының құрамы Уатаева Баян Куанышқызы – «Абай атындағы қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ басшысы; Жетписбаева Асель Отарбековна – облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі; Какшинский Иван Николаевич – 31 арнаның бейнеоператоры, Әлеуметтік және жарнамалық роликтердің авторы және режиссері, 2009 ж. бейнеспринт бойынша конкурстың жеңімпазы, бейнетүсірілім бойынша курстардың оқытушысы; Тишбаев Ерлан Муратович –«Абай атындағы қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ программисті, Әбдіғалым Мерболат Сағатұлы –«Абай атындағы қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ библиографы жіңімпаздарды жариялады.

«Менің батыр әкем» номинациясы:

Жеңімпаз (3- 5 жас) Сачава София – Бұқаржырау ауданы, Шешенқара аул.;
Жеңімпаз (6-11 жас) – Боранқұл Ділназ – Шет ауданы, Ағадыр аул.;
Жеңімпаз (12-15 жас) – Есенгельдиева Аяулым – Қаражал қ., Жайрем аул;
Қазылар алқасы атап өтті: Есов Нурали, (12-15 лет) – Қарағанды қ.;
Әбілсейіт Ермұхан (8 жас) – Қарағанды қ.
«Біздің отбасымыздағы ерлер дәстүрі» номинациясы:
Жеңімпаз (3- 5 жас) – Пархомей Артем – Саран қ.;
Жеңімпаз (6-11 жас) – Сапарғалиев Санжар – Теміртау қ.;
Жеңімпаз (12-15 жас) – Мұратов Ақан – Шет ауданы, Аксу-Аюлы аул.
«Біздің көп балалы отбасымыз» номинациясы:
Жеңімпаз (6-11 жас) – Сагамбектер отбасы: Сагамбек Сагида, Сагамбек Айару – Қарағанды қ.
«Әкеммен бірге!» номинациясы:
Жеңімпаз (3- 5 жас) – Асхатұлы Шахислам – Бұқаржырау ауданы, Ботақара аул.;
Жеңімпаз (6-11 жас) – Гавриленко Глеб – Теміртау қ.;
Жеңімпаз (12-15 жас) – Мұхаметжан Райымбек – Балқаш қаласы;
Қазылар алқасы атап өтті: Бауыржанұлы Нұрсұлтан (12-15 жас) – Ұлытау аул.
«Көрермендер көзайымы» қосымша номинациясы: Аманкелді Азиз – Қарағанды қ.
Құттықтаймыз!!!!

Тарих куәгерлері

Кітапханамызда «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіңдегі кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысы тарихынан сыр шертетін кітапхана қорындағы соғыс жылдарында кеңес баспаларынан шыққан сирек кездесетін 20 дана кітап қойылды.
Ұлы Отан соғысы бұрыңғы кеңестік республикалардың халқы үшін ең ауыр сынақ болды. Соғыс экономиканы құлдыратып, қоғамның барлық салаларында терең ізін қалдырды. Сол кезеңдерде барлық қиындықтарға қарамастан, кітаптар мен басқа да баспа өнімдерін шығару тоқтаған жоқ.
Кітап шығару көлемі үш есе қысқарды. Статистика көрсетіп отырғандай, соғыстың алғашқы жылында Қазақстанда түрлі салалар мен жанрлардың 700-ден астам басылымдар шығарылды. 1945 жылға қарай бұл көрсеткіш 200 атауға дейін азайған. Баспалардың тақырыптық жоспары және шығармалардың тираж көлемі өзгерді. Бірақ бұл жағдайда да әскери тақырыпқа қатысы жоқ кітаптар шығаруды жалғастырды.
Олардың ішінде оқырман Н. Барсамовтың «Иван Константинович Айвазовский» (М.-Л., 1941), «Ұлы жиһанкез Христофор Колумб» кітапшасын (Алматы, 1945), И. Масановтың «Словарь псевдонимов русских писателей, ученых и общественных деятелей» (Мәскеу, 1941), Ж. Жабаевтың «Қамал бұзған қаһарман» (Алматы, 1945) және т.б. таныса алады.
Әдеби процесс тоқтаған жоқ. Соғыс жылдары М.Әуезовтің «Абай» романы жарық көрді. Сондай-ақ қиын-қыстау кезеңдегі әдебиетшілерді қандай тақырыптар шабыттандырғанын «Сборник современной казахской литературы» (Мәскеу, 1941) атты кітаптан жақсы түсінуге болады.
Көрме деректерімен мамыр айының соңына дейін таныса аласыз. Барлық оқырмандарды кітапханамызға шақырамыз!

2
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.36.40
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.45.38
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.45.39
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.45.40

 

«Соғыс жайлы бірер сөз» қалалық мектептердің театрландырылған қойылымдар байқауы жеңімпаздарын марапаттау

2021 жылдың 6 мамыр күні «Соғыс жайлы бірер сөз. Я расскажу вам о войне» қалалық театрландырылған қойылымдардың қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, дипломдар және құнды сыйлықтар табысталды.
«Соғыс жайлы бірер сөз. Я расскажу вам о войне» қалалық театрландырылған қойылымы 2020 жылы өткізіліп, қорытындылануы керек еді, бірақ елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылға ауыстырылды.
Сайысқа облысымыздың 9 мектебі – №56 НОМ, №20 НОМ, №34 ЖББМ, №85 ЖББОМ, №17 ЖББОМ, №9 Гимназия және даму мүмкіндігі шектеулі балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
Әділ қазылар алқасының мүшелері, қатысушылардың әдеби және әдеби-музыкалық композициялары мен театрландырылған қойылымдарын онлайн және офлайн форматтарда тамашалап, әділ бағаларын берді:
Бас жүлде – «Кестелі орамал» қойылымы үшін №34 ЖББМ;
I орын – «Бауыржан Момышұлы» әдеби композициясы үшін №20 НОМ;
II орын – Валентин Катаевтың «Полк баласы» повесті бойынша «Тырнарлар» театрландырылған қойылымын қойғаны үшін №85 ЖББОМ;
III орын – «Читаем Теркина» әдеби-музыкалық композициясы үшін №9 Гимназиясы;
Қалған мектептерге алғыс хаттарымен және құнды сыйлықтары табысталды.
Сонымен қатар, әділ қазылар алқасы мүшелерінің көзайымына айналып, ерекше көзге түскен 3 қатысушыға диплом берілді:
«Әйел адам рөлін үздік сомдағаны үшін» №34 ЖББМ оқушысы Сыздыкова Альбина;
«Ер адам рөлін үздік сомдағаны үшін» №20 НОМ оқушысы Садвокасов Дамир;
«Үздік эпизодтық рөлі үшін» – №34 ЖББМ оқушысы Токтасын Дамира.
Барлық сайыс қатысушылары 1 ай көлемінде марапатталатын болады.

0
01
1
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18