Маусым 15, 2021 Микроскоп астындағы тіршілік By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін қызықты деректер күні балалар оптикалық құрылғы – микроскоппен танысты. Балалар микроскоптың алғашқы түрлерімен және шығу тарихымен презентация арқылы танысып, заманауи микроскоптың артықшылықтарын көрді. «Смайлик» жазғы лагерінің балалары мен біздің тұрақты оқырмандарымыз оптикалық құрылғының құрылымымен танысқаннан кейін: су, тұз, қант, құс қауырсындары, жапырақтар, пияз, мақта, таңғыш, жіп, шаш сынды әртүрлі үлгілерді қарастыратын бірқатар тәжірибелер жүргізді. Балалар практикалық сабақта микроскоп арқылы көзге көрінбейтін объектілердің үлкейтілген бейнесін көруге болатынына көз жеткізді. Микроскоп арқылы нені көре алды? Қатысушылар пияз кесінділерінің, жапырақтардың бөліктерін қарастыра отырып, олардың жасушалар деп аталатын кішкентай әртүрлі бөлімдерден тұратынын көрді. Судағы қара нүктелер, яғни бактерияларды қарастырды. Құм бөлшектерін қараған кезде олар минералдарға ұқсас үлкен тастарды көрді. Танымдық сабақтың соңында балалар үшін «Барлығы микроскоп туралы» атты қызықты кітаптарға шолу жасалды.
Маусым 15, 2021 «ORDAGEN» жобасы By odb-abai inЖаңалықтар 15 маусым күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының ұйымдастырумен Қарағанды облысы бойынша «ORDAGEN» жобасының директоры Гүлден Төлеуқұлқызы Ертаубаевамен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізілді. Іс-шараға Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары мен 31 балалар кітапханасының кітапханашылары қатысты. Гүлден Төлеуқұлқызы кітапханашылар назарына «ORDAGEN» жобасы және «Бұлақ неге бұртиды?» атты алғашқы ертегісінің тұсаукесерін ұсынып, «Орда» ертегілерінің 1-ші кітабы және «Мың бояулы Орда» мен «Экономист Берке аю» атты кітаптарының таныстырылмын көрсетті. Бұл ерекше кітапта кәсіп деген не, ақша қайдан алады, оны қалай жұмсаған дұрыс, және де осы сияқты көптеген сұрақтарға жауап бар. Жоба аясында балаларға арналған осындай сапалы пайдалы бірнеше кітаптар шығару жоспарлануда.
Маусым 14, 2021 Ұлттық мәдениет күні. «Ұлттық ою-өрнектер түрлері» шығармашылық сабақ By odb-abai inЖаңалықтар Ұлттық мәдениет күніне орай біздің оқырмандар «Гвоздичка» бала-бақшасының бүлдіршіндерімен бірге «Ұлттық ою-өрнектер түрлері» атты шығармашылық сабағына қатысты. Кітапханашы қатысушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, оның басты элементтері жайлы әңгімелеп берді. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері арқылы халықтың салт-дәстүрлерін танып білу, ал аппликация жасау баланың шығармашылық ойлауын дамытады.
Маусым 11, 2021 «Бүгінгі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер» онлайн-әңгіме By odb-abai inЖаңалықтар 11 маусым күні балалар жазушысы, сценарист «Алтын Тобылғы – 2017» әдеби сыйлығы, «Жылдың үздік балалар әдебиеті» номинациясының лауреаты, «Әмина Тұран номадтар елінде» атты алғашқы отандық балалар-жасөспірімдер фэнтези-романының және «Менің Қазақстаным» атты екі кітаптың авторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы Зәуре Төрехановамен «Бүгінгі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер» атты онлайн әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында жазушы «Алматыкітап баспасы» шыққан «Амина Туран в стране номадов» атты тұңғыш қазақстандық балалар мен жасөспірімдер фэнтези-романының, «Менің Қазақстаным» патриоттық сериясындағы екі кітаптың жасалғаны туралы білді. Жазушы өзі туралы, шығармашылығы туралы, «Айтшы, әжетай» балалар журналымен ынтымақтастық туралы, осы журнал беттеріндегі әдеби байқаулар туралы айтып, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті, Қазақстанның қазіргі заманғы жазушыларының шығармашылығымен танысуға кеңес берді, сондай-ақ қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер туралы өз пікірімен бөлісті.
Маусым 11, 2021 Көңілді ағылшын By odb-abai inЖаңалықтар Жаз айында 5 – 10 жас аралығындағы балалар үшін, әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 14.00-де «Көңілді ағылшын» сабағы өтеді. «Көңілді ағылшын» сабақтарын Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің шетел тілдері факультетінің II курс студенттері өткізеді. Алғашқы сабақтарда «The little House. Теремок» ертегісі оқылып, ойын түрінде дене мүшелерінің атауларын үйретті. Ол үшін «Вodu Song» бейнеролигі қолданылды. Балалар өткен тақырыпты пысықтау мақсатында жетекшінің айтқандарын қайталап, бейнероликте берілген әнді шырқады. «Көңілді ағылшын» сабағы балалардың сөздік қорын өлеңдер, әндер, санамақтар, жаңылтпаштар және сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы толықтыру үшін қажет. Барлық жас оқырмандарымызды «Көңілді ағылшын» сабағына шақырамыз!
Маусым 11, 2021 «Дарқан дарын» кітап көрмесі By odb-abai inЖаңалықтар Көрнекті жазушы, ақын, драматург, «Құрмет» орденінің иегері Софы Сматаевтың 80 жасқа толу мерейтойына орай кітапханада «Дарқан дарын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазушы оқырмандар игілігіне тоғыз роман, он үш повесть, он төрт пьеса, он екі дастан және әңгімелер мен өлеңдер ұсынған. Олардың ішінде он төрт елдің тіліне аударылып, әлем халықтарының рухани байлығына айналған туындылары аз емес. Соның бірі де бірегейі оның «Елім-ай» трилогиясы. Бұл қазақ тарихының ең күрделі әрі ауыр дәуірінде туған осы атаулы халық әні тарихымен тікелей байланысты. Сондай-ақ көрмеге қаламгердің «Алау», «Ақжелең», «Алғашқы асу», «Жарылғап батыр», «Қайран жастық», «Мен – тірімін!», орыс тілінде «Время первой травы», «Песнь моя – боль моя» және т.б кітаптары қойылды. Барлығы 24 басылым оқырман назарына ұсынылады. Софы Қалыбекұлының ғибратқа толы шығармаларын біздің кітап көрмемізден 16 маусым айынан 16 шілдеге дейін алып оқуларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар.
Маусым 10, 2021 Кітапханалық кинозал. «Менің атым Қожа» фильмі By odb-abai inЖаңалықтар Әрбір бала армандағанды, қиялға берілгенді, ойнағанды, саяхаттағанды сонымен бірге қызықты фильмдер мен мультфильмдер көргенді ұнатады. Әр бейсенбі сайын кітапхананың кинозалында балалар үшін әртүрлі фильм және мульфильмдер көрсетіледі. 10 маусым күні кітапхананның тұрақты оқырмандарына қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының желісімен «Қазақфильм» студиясыда түсірген «Менің атым Қожа» фильмі көрсетілді. Сондай-ақ балалар әр жылдары шығарылған «Менің атым Қожа» кітаптарын көріп танысты.
Маусым 10, 2021 «Үздік бол – кітап оқы!» By odb-abai inЖаңалықтар Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында кітапханада Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Үздік бол – кітап оқы!» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Қаланың орталық көшелеріндегі билбордтарда Қазақстанның және Қарағанды облысының танымал тұлғаларының кітап оқу маңыздылығы туралы сөздері жазылған баннерлер орнатылды. Жоба көрнекі жарнаманың көмегімен қоғамды балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуының маңыздылығына назар аударуға ықпал етеді. Осы жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік жасаған Қарағанды қаласының ішкі саясат бөліміне зор ықылас білдіреміз!
Маусым 9, 2021 «Білгенге маржан» By odb-abai inЖаңалықтар Балалардың көптен күткен жазғы демалысы да басталды. Кітапхана бастауыш сынып оқушыларына арнап «Білгенге маржан» атты өлкетанымдық жаяу серуендеу ұйымдастырып, қала тарихының жаңа және қызықты беттерін ашты. Ең алғашқы өлкетанымдық жаяу серуендеу қаламыздың Орталық саябағында өтті. «Смайлик» балалар лагерінің тәрбиеленушілері саябақтың 1935 жылы құрылғанын білді. Олар гид-жетекшісімен балалар темір жолын аралады. Қазіргі саябақтың орнында ертеде хайуанаттар бағы болғандығы туралы ақпарат балаларды қатты таңқалдырды.
Маусым 8, 2021 «Перғауын жыландары» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада 8 маусым күні қызықты деректер күні аясында балаларға арналған «Перғауын жыландары» атты тәжірибе өткізілді. Балалар «Перғауын жыландарын» тек кальций глюканатын қолдану арқылы ғана емес, сонымен қатар қант, ас содасы, этил спиртінің көмегіменде жасады. Екі тәжірибе де балалардың қызғушылығын оятты. Балалар мен ересектер заттардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен танысты. Перғауын жыландары түрінде алынған реакциялар қарапайым және қауіпсіз болды, мөлшері, түсі, жану жылдамдығы бойынша ерекшеленді. Балаларға ата-аналарымен бірге барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, үйде тәжірибе жүргізу ұсынылды. «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы соңында қызықты химия бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды.