Маусым 7, 2021 Ұлттық мәдениет күні. «Асық ойнауды үйрену» By odb-abai inЖаңалықтар Балалардың жазғы демалыстарын қызықты да көңілді өткізу үшін кітапханада жаз айларында «Жаз. Балалар. Кітап» атты ұзақмерзімді жоба жұмыс жасайды. Жоба аясында аптаның әр дүйсенбісі ұлттық мәдениет күніне арналады. Бірінші мәдениет күні асық ойнап үйренуге арналды. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары және «Гвоздичка» балабақшасының бүлдіршіндері асық ойынының көптеген: «Ханталапай», «Бес асық», «Асықты тігіп ойнау» түрлерін ойнап үйренді. Олар уақытты қызықты өткізді. Әсіресе жаз мезгілінде балалардың сүйіп ойнайтын ойыны – асық. Жүргізуші ойынның шығу тарихын, Орта Азиядағы ең көп таралған ойындардың бірі екенін, асықты әртүрлі түске де бояуға болатынын, салмағына, өлшеміне қарай әртүрлі атаулары барын, бұрыңғы хан-сұлтандардың балаларының «сақасына» алтын құйылғанын әңгімелеп берді.
Маусым 2, 2021 «Балалар.Жаз. Кітап» By odb-abai inЖаңалықтар 2 маусымда «Балалар.Жаз. Кітап» жазғы оқу залының ашылуы болды. Жазғы оқу алаңында «Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілері және кітапхана оқырмандары жаңа кітаптармен танысты. Балалар бордың көмегімен асфальтта сурет салып өз қиялдарына ерік берді.Сонымен қатар түрлі – түсті қаламдардың көмегімен ақ қағазға кітап кейіпкелерін бейнеледі. Бұл күн балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосты.
Маусым 1, 2021 «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыз» By odb-abai inЖаңалықтар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы атындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен бірлесіп кітапхана «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыз» акциясы ұйымдастырып өткізді. Кітапхана қызметкерлері және кітапхананың тұрақты жас оқырмандары даму мүмкіндігі шектеулі балалар Раян Әбдіқайым, Егор Хомич және Маргарита Верфельдің үйлеріне барып кітаптар мен журналдар сыйлады.
Маусым 1, 2021 «Әдеби сарапшы» By odb-abai inЖаңалықтар «Әдеби сарапшы» оқылған кітап жайлы үздік пікір қалалық байқауының қорытындысы шығарылды. 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні – «Ертегі әлемі немесе балалық шақ» атты мерекелік шара аясында, «Әдеби сарапшы» оқылған кітап жайлы үздік пікір қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар табысталды: Бас жүлде – Стадник Полина, «Қ. Сәтпаев атындағы Гимназиясы» КММ 3 сынып оқушысы; I дәрежелі диплом – Владимирқызы Айсұлу, №17 ЖББОМ 2 сынып оқушысы; II дәрежелі диплом – «Супермалыш» балаларды дамыту орталығы, 7 жас; III дәрежелі диплом – Маратов Бекжан, №15 ЖББОМ 3 сынып оқушысы. Басқа байқау қатысушыларына сертификаттар табысталады.
Маусым 1, 2021 «Ертегі әлемі немесе Балалық қаласы» By odb-abai inЖаңалықтар Балаларды қорғаудың халықаралық күні – бұл бүкіл әлем балаларының мерекесі. Бұл күні кітапхана оқырмандары мен қаламыздың жас тұрғындары үшін OPEN тәртібінде «Ертегі әлемі немесе Балалық қаласы» ойын және интерактивті ойын алаңдары ұйымдастырылды. Мереке басталар алдында достық, демалыс, жаз, балалық шақ туралы әндер шырқалады, «Біздің балалар нені оқиды?» кітап көрмесі үйіндісі безендірілді. Іс-шара кітапхана оқырмандары Ерниязова Инабат (6-сынып, №15 мектеп) және Трофименко Эрика (2-сынып, №1 гимназия) жүргізген салтанатты бөлімнен басталды. Балаларға тақырыптық алаңдарға бару ұсынылды: «Кітаптар ауласы», онда «Qasym» баспасының кітаптарымен танысып, және сатып алу мүмкіндігі болды. «Сен кімсің, кейіпкер?», онда Алтын Әтеш әдеби кейіпкерлер мен ертегі заттарын білуі бойынша әдеби викторина өткізді. «Даладағы ойындар» алаңы, Ер Төстік пен Батыр балалармен «Асық», «Африкалық қуыспақ», «Даршылар (Арқанда жүрушілер)» ұлттық және гирь ойындарын ойнады. «Әдеби әткеншек» еркін микрофон алаңы, онда әрқайсысы сахнада жарқырап көрінді: өлеңдер және көркем шығармалардан үзінді оқып, ән айтып, би билеп, өз талантын көрсетіп, кітапхана серіктесі – «Нәтиже» компаниясының сыйлықтар алды. Мереке сәтті өтті! Балалар ойындар мен байқауларға белсене қатысты, сергектік қуаттылығы мен жағымды көңіл-күйде болды.
Мамыр 27, 2021 Құрметті оқырмандар! By odb-abai inЖаңалықтар 31 мамыр – елімізде жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрабандарын еске алу күні боп саналады. Бұл күні қазақстандықтар сынақ пен құрбандық көп болған жылдарды еске алады, ол кезде ел көптеген адамдардан, соның ішінде қаншама зиялы тұлғалардан айырылды. Осы еске алу күніне орай Валерия Могильцкийдің «Великие узники Карлага» атты кітабы бойынша пост-реквием дайындадық. Кітапта өте құнды деректер жиналған, кітаптың мәтіні тартымды, бір кездері «қызыл террорға» тап болған адамдардың жан азабын эмоционалды түрде жеткізеді.
Мамыр 26, 2021 «Заманауи балалар кітапханасы – шығармашылық аумағы және балалар мен жасөспірімдердің оқуын дамыту кеңістігі» атты республикалық онлайн-семинар By odb-abai inЖаңалықтар Ағымдағы жылғы 26 мамырда ZOOM алаңында «Заманауи балалар кітапханасы – шығармашылық аумағы және балалар мен жасөспірімдердің оқуын дамыту кеңістігі» атты республикалық онлайн-семинар өткізілді, оған 100 маман қатысты, семинарға қатысушылар арасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар, Қазақстанның облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханалары, Қарағанды облысының 18 аудандық және қалалық ОКЖ қатысты. Семинарды ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Абай атындағы ОБК. Шарада Жұмакенов Еркебұлан Қайроллаұлы, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы; Мұналбаева Үмітхан Дәуренбекқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор құттықтау сөздерімен қатысушылар алдында сөз сөйледі. Семинар барысында әртүрлі форматтағы 9 тақырып тыңдалды: онлайн-кездесу, таныстырылым, тренингтер. Қызмет көрсетудің жаңа форматындағы Қарағанды облысының балалар кітапханаларының қызметі туралы, жастармен жұмыстың онлайн түрлері туралы, жазғы оқу бағдарламаларын, кітаппен жұмыс нысаны ретіндегі қуыршақ театрын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Әріптестер Ратникова Л.Г., Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы; Сарычева С.В., Қарағанды ОКЖ №12 балалар филиалының меңгерушісі; Курманова Б.Д., Балқаш ОКЖ А.Гайдар атындағы ОБҚК меңгерушісі; К.К.Искакова, Қарқаралы ОКЖ Қарағайлы кентінің балалар кітапханасының кітапханашысы өз әріптестерінің назарына балалар мен жасөспірімдердің оқуы жөніндегі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру туралы өздерінің таныстырылымдарын, кітапхана ісіндегі қызықты идеяларды, Ұлы Отан соғысы туралы балалар әдебиетін оқудағы зерттеулерді ұсынды. Семинарға каллиграф Яна Росс қатысып, әдемі жазу өнері – каллиграфия туралы әңгімеледі, «Айтшы, Әжетай» журналының бас редакторы С.Б.Нурханова Абай атындағы ОБК және Қарағанды облысының балалар кітапханаларымен ынтымақтастығы тәжірибесімен бөлісті. Абай атындағы Қарағанды ОБК қызметкерлері кітапханашыларға арналған шеберлік сыныптарын өткізді. Кітапханашы Алжанова Н.К. кітапхананың «Киіз үй» этноконструкторын қолдана отырып, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру тәжірибесі туралы айтты. Библиограф Әбдіғалым М.С. электронды құралдарды, викториналар құру үшін «AutoPlay Media Studio8» бағдарламасын пайдалану жөніндегі тренинг өткізді. Кітапхана мамандарына онлайн-семинар Қарағанды облысының балаларына кітапханалық қызмет көрсету жұмысының жаңа бағыттарымен танысу мүмкіндігін беріп қана қоймай, әріптестерімен практикалық тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықтың ықтималды перспективалық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді. Абай атындағы ОБК семинарды ұйымдастырудағы қолдауы мен көмегі үшін Үмітхан Дәуренбекқызы Мұналбаеваның атынан тәлімгері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлеріне, семинарға белсене қатысқаны үшін Қазақстанның барлық кітапханашыларына алғыс білдіреді.
Мамыр 24, 2021 Айдос Есмағамбетовтың қатысуымен «Жетістік формуласы» теледидарлық жобасы By odb-abai inБасты, Жаңалықтар 2021 жылдың 24 мамыр күні «Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының кезекті түсірілімі Қазақстандағы гиперреалист-мүсінші, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Айдос Есмағамбетовтың қатысуымен өтті. Айдос Есмағамбетов шынайы кейіпке жақын жасаған мүсіндерімен көпке танымал шебер. Бұл – кез-келген адамның қолынан келе бермейтін, хирургиялық нақтылықты талап ететін өнер. Оны меңгеру үшін талант пен шынайы ниет қажет. Оның туындыларының арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың, қазақтың ақын әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының, мемлекеттік қайраткер Абылай ханның, Қазақстан Республикасының бірінші қорғаныс министрі, генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетовтің, АҚШ президенті Барак Обаманың мүсіндері бар. Жасөспірімдер мен қонақ арасындағы диалог көңілге жағымды, әсерлі өтті. Өнерге әуес балалар талантты мүсіншіден көп нәрсені сұрап білгілері келді. «Бойыңыздағы сурет салу өнері кімнен дарыды?», – деген сұраққа, «Мен шығармашылық отбасында дүниеге келдім. Анам домбырамен ән айтады, әкем мүсінші. Осы өнер саласына келетінімді бала күнімнен біліп жүрдім. Инститтутағы оқуымды аяқтағаннан кейін, менің силиконнан мүсіндер жасауға деген қызығушылым оянды, яғни өнердің «гиперреализм» атты жаңа стилін игеруді ұйғардым», – деді Айдос Есмағамбетов. «Кешегі бала Айдостан бүінгі жетістікке жеткен Айдосты алсақ, өзіңізді осы шыңға қалай шығардыңыз?» – деген сауалға: «Өз-өзімді дамыту, жетілдіру, іздену, еңбектену арқылы осы деңгейге жеттім. «Еңбек – бәрін жеңбек» демекші, бәрі еңбектің арқасында келеді. Мен атақты шетелдік гиперреалистердің туындыларын зерттеуге тырыстым, БАҚ беттеріндегі деректерден іздедім. Ғаламтордан ақпараттар қарап, олар қолданған материалдарын зерттеп, олармен тәжірибе жасадым. Бұл салада жалпыланған технологиялар жоқ, бәрі іздеу, бағдарлау арқылы жүзеге асады және ұзақ уақытты талап етеді». «Менің ең үлкен арманым және мақсатым – елімізде Мадам Туссо мұражайы сияқты мүсін мұражайын ашу» – деп арманымен бөлісті. «Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының шарты бойынша қонақ өзіне ұнаған үздік сұрақты таңдап, №104 мектеп-гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушылары Мирас Туркенов пен Аяулым Темірхановаларға естелік ретінде сыйлығын берді. Жоба ұйымдастырушылары Айдос Есмағамбетовке А. Құнанбайұлының «Қара сөздері» кітабын және табыстылық пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйын табыс етті.
Мамыр 21, 2021 «Әлем таныған Олжас» поэзиялық бумерангы By odb-abai inЖаңалықтар 18-21 мамыр аралығында «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілерінің кітапхана парақшаларында ақын, әдебиеттанушы, түркітанушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85-жылдығына арналған «Әлем таныған Олжас» поэзиялық бумеранг өткізілді. Бумерангқа қаланың әр түрлі мектептерінің, лицейлері мен гимназияларының оқырмандары қатысты. О.Сүлейменовтің «Язык отцов, язык тысячелетий», «Песня кумана», «Қара ағаш», «Черный лебедь в белой стае», «Земля, поклонись человеку!», «Были женщины по плечо», «Чем порадовать сердце?», «Волчата», «Гадалка», «Маме», «Нағыз дос», «Кочевник» өлеңдері оқылды. «Қауырсын қалам» әдеби клубының қатысушылары «Шағын» атты өлеңді оқып, әдеби бумерангты аяқтады.
Мамыр 21, 2021 «Полимер құрттары» By odb-abai inЖаңалықтар 21 мамырда «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Полимер құрттары» тәжірибесі өткізілді. Балалар көп клеткалы жануарлар әлемімен танысты. Зертханамызда балалар полимер құрттарын қалай дайындауға болатынын, олардың қандай керемет қасиеттері бар екенін білуге мүмкіндік алды. Өткізілген тәжірибе қарапайым және қауіпсіз, ол үшін натрий альгинаты, кальций хлориді, қызыл мен жасыл бояғыш және жылы су пайдаланылды. Қызықты да танымды, оңай өткен практикалық сабақтың соңында «Таңғажайып тәжірибелер мен эксперименттер» атты кітаптардың шолуы жүргізілді.