Қаңтар 5, 2021 «Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапхана пайдаланушылары үшін «Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұсынылған кітаптар мен журналдар біздің қазақстандық қоғамның рухани жаңару стратегиясын түсінуге, ой талқысынан өткізуге және оны қабылдауға көмектеседі. Оқырмандар «Рухани жаңғыру» кітаптар сериясымен таныса алады. Бұл серияның басылымдары арасында облыстық тарихи өлкетану мұражайының қалыптасу тарихы туралы әңгімелейтін «Музей және тарих» жинағы, «ХХІ ғасыр музейі: музейлерді дамытудың замануи үрдістері мен перспективалары» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы бар. «Сарыарқаның тарихи – мәдени мұрасы» ғылыми каталогы оқырмандарды Қарағанды облысы аумағында жылдар бойы жиналған мұражай артефакттарымен, сәндік – қолданбалы өнер заттарымен таныстырады. «Туған жер – тұғырың» көркем фотоальбомы еліміздің ең тартымды жерлерін – ежелгі киелі ескерткіштерден бастап жас астананың заманауи сәулеттік ғимараттарына дейін кеңінен ашып көрсетеді. Бұл кітап көрмесі еліміздің даму жолындағы жетістіктері жайында кітаптармен мерзімді басылымдардағы мақалалардан тұрады. Құрметті оқырмаңдар! Барлықтарыңызды кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!
Қаңтар 3, 2021 «Сен – біздің бірінші оқырман» By odb-abai inЖаңалықтар Міне 2021 жыл да келді. Біздің кітапхана оқырмандарға есігін айқара ашып, жаңа жылдың ең алғашқы оқырмандарын қарсы алды. Кітап оқуға деген құмарлығымен 2021 жылда кітапханаға ең алғашқы болып келген балалар арнайы медальмен, жаңа жылдық естелік сыйлықтармен марапатталды. «Сен – біздің бірінші оқырман» атты дәстүрлі шараның қатысушылары: №93 гимназияның 3 «Б» сынып оқушысы Леонкова Алина №1015 Мәскеу мектебінің 2 сынып оқушысы Ампериади Демид №1015 Мәскеу мектебінің 3 сынып оқушысы Ампериади Эллада С. Сейфуллин атындағы №92 гимназияның 6 «А» сынып оқушысы Жанабекова Наймулуна Ақтас кентінің 4 сынып оқушысы Марат Кәусәр Топар кентінің 9 сынып оқушысы Өкіметхан Махаббат Мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 7 “Б” сынып оқушысы Тұрсымбек Томирис Академик Е. А. Бөкетов атындағы №52 ЖББОМ 2 сынып оқушысы Мамедов Назар Академик Е. А. Бөкетов атындағы №52 ЖББОМ 7 “Г” сынып оқушысы Попова Мария №86 ЖББОМ 7 “Ә” сынып оқушысы Тасқынбай Мерей №1 гимназияның 4 “Б” оқушысы Аржеховский Ян
Қазан 22, 2020 Үздік оқырмандар 2019 By odb-abai inБасты «Ең бірінші оқырман» Эдуард Берлейн №38 гимназияның 2 «Б» сынып оқушысы «Ең кішкентай оқырман» Замир Абдулаев 2018 жылғы 2 жас «Мәңгілік классика» Екатерина Цветкова №38 гимназияның 6 «Б» сынып оқушысы «Мәңгілік классика» Әділхан Таңшолпан Мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 6 «А» сынып оқушысы «Соғыс туралы әдебиет білгірі» Андрей Лебединский №102 мектеп-лицейінің 9 «В» сынып оқушысы «Кітапхананың айнымас досы» Айсұлу Владимирқызы №17 ЖББ орта мектептің 2 «А» сынып оқушысы «Болашақ детектив» Тамаз Оралкен №10 ЖББОМ 6 «Г» сынып оқушысы «Адал оқырман» Данил Коровкин №3 гимназияның 11 «Б» сынып оқушысы «Оқитың отбасы» №52 ЖББОМ 3 «В» сынып оқушысы Вячеслав Василечко, Влада 2015 жылғы, анасы -Валерия Владимировна, әкесі – Сергей Васильевич
Тамыз 21, 2020 2018 жылғы үздік оқырмандар By odbconsole inБасты Вера Иванова «Ең бірінші оқырман» Лиза Чичерина (3,5 жас) «Кішкентай оқырман» Полина Берлей, Артем Куценко «Фэнтези оқырманы» Жанибек Ибырханов «Мәңгілік классика» Аделия Есмырзаева «Белсенді оқырман» Арыстан Хафаров «Болашақ детектив» Толганай, Индира Сериковы «Кітапхананың айнымас досы» Ионайтис отбасы «Оқитын отбасы»
Тамыз 14, 2020 2017 жылғы үздік оқырмандар By odbconsole inБасты Арман Темірғалиев “Ең бірінші оқырман” Давид Лемко (10 ай) “Кішкентай оқырман” Артем Куценко “Фэнтези оқырманы” Виктор Костин “Мәңгілік классика” Елизавета Бондарь “Ең белсенді оқырман” Людмила Ионайтене “Болашақ детектив” Шұғыла Сайлау “Кітапхананың айнымас досы” Полина Савенкова “Кітапхананың айнымас досы” Адия Кадирова “Кітапхананың айнымас досы” Аян Жукеев “Адал оқырман” Вайстар отбасы “Оқитын отбасы”
Наурыз 17, 2020 Кеңес 3. Қамқор ата-аналарға арналған кітап витаминдері By odb-abai inБасты Әдетте, жасөспірім балалар неғұрлым тәуелсіз болғысы келеді, бірақ өзін-өзі бақылау дағдысы әлі де толық қалыптаспағандықтан, ата-аналарының бағыт беруін, қолдауын қажет етеді. Бұл жас ерекшелігі психологиясында мүмкін болатын ең айқын даму дағдарысы. Сондықтан ата-аналар үшін балалармен жақсы қарым-қатынасты сақтау және балаларымен не болып жатқанын түсіну өте маңызды. Ата-аналарға көмек ретінде келесі кітаптарды ұсынамын: Ричард Темплар «Правила родителей» Адель Фабер, Элейн Мазлиш «Как разговаривать с детьми, чтобы они хотели учиться и дома, и в школе», «Свободные родители, свободные дети» Найджел Латта «Прежде чем ваш ребенок сведет вас с ума» Юлия Гиппенрейтер «Самая важная книга для родителей» Анна Быкова «Самостоятельный ребёнок или как стать «Ленивой мамой» Людмила Петрановская «Большая книга про вас и вашего ребёнка» Татьяна Жекулина «Травля в школе. Нарративный подход»
Қараша 27, 2019 «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы. Айнагүл Хамитовамен кездесу By odb-abai inЖаңалықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» кітапханалық жоба аясында 2019 жылғы 22 қарашада «SARYARQA» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі өтті. Диалог алаңында «Дарынды бала» балалардың көшбасшылығын дамыту орталығының құрылтайшысы, «Алтын алқа» төс белгісінің иегері, Қарағанды облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айнагүл Хамитова және Ғ.Мұстафин атындағы №83 және №10 ЖБББОМ оқушылары (60-қа жуық) кездесті. Әңгіме барысы «Айнагүл Қайырбекқызы, сізге мынадай әдемі есімді кім қойды» дегенмен басталды. Айнагүл өзінің атын анасы қойғанын, анасының орны бөлек және оның бейнесі үнемі жүрегінде екенін айтты. Бұл ана мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынасты білдіріп қана қоймай, аналық махаббаттың өшпес берік белгісі екендігін білдіреді. Айнагүлдің айтуынша, ол анасының өсиеттерін орындауға тырысады, сол кісінің ізімен жүргісі келеді. Айнагүл үшін өмірдегі ең үлкен өкініш – бұл анасына өте аз уақыт бөлгені. Анасының өмірден өткені Айнагүл Қайырбекқызына үлкен соққы болып тиген екен. Әңгіме барысында бенефис-шоуға қатысушылар, қазір Хамитовтар отбасында 2 ұл және 5 қыз бала тәрбиеленіп жатқанын білді. «Біз жұбайымызбен әр баламызға ең жақсы тәрбие, білім беруге тырысамыз. Балаларымызды музыка, кескіндеме және қолданбалы өнерге баулимыз. Балалардың көптігінен біз қорықпаймыз, баланың көптігі жаңа шешімдер мен жаңа жобаларға шабыттандырады». Үлкен ұлы экономикалық бағыт бойынша Канадада жоғары білім алып, бүгінде көп саяхат жасап, тілдерді үйренуде, қазір танымал блогер. Басқа балалары да түрлі салаларда өздерінің қабілеттерін көрсетіп отыр: біреуі музыкада, енді біреуі математикада, ал бірі киім дизайнында ерекше талпыныс танытып келеді. А.Хамитова өзінің балалық шағы мен мектеп жылдары туралы қуана еске алды. Ол мұғалімдерді тыңдамай, бұзақылық мінез көрсетіп, өте ширақ, әуесқой оқушы болған екен. Мұғалім болуды армандаған, бірақ ата-анасының талабымен Қарағанды политехникалық институтына (қазіргі ҚарМТУ) оқуға түскен. Бірақ, Айнагүл тек көп балалы ана ғана емес, сонымен қатар, табысты тәрбиеші, ұйымдастырушы бола алатынын дәлелдеді. Диалогтық алаң қатысушыларына Айнагүл «Өзіңізге ұнайтын, жүрегіңіз қалайтын мамандыққа бару маңызды.. Бастысы – өзіңіздің жүрегіңізді тыңдаңыз, сонда сізден керемет маман иесі шығады»,- деді. Қандай әдебиетті сүйіп оқисыз деген сұраққа Айнагүл Қайырбекқызы шығу тегі ливандық белгілі американдық ғалым Нассим Николас Талебаның ғылыми мақалалары мен экономика мен қаржы мәселелеріне арналған кітаптарын көп оқитындығын айтты. А.Хамитованың отбасы кітап оқығанды жақсы көреді, олар ай сайын 10-15 кітаптан сатып алады екен. Отбасы туралы әңгіме әрі қарай кәсіпкерлік қызмет саласына өтті. Айнагүл Қайырбекқызы балаларға арнап жұбайы Қайратпен бірге «Көшбасшылық дамыту» орталығын ұйымдастырғаны туралы және байқауға қатысып, грантты жеңіп алуы кәсіпкерлік бағытының алға басуына септігін тигізгеніне тоқталды. «Осыдан кейін біз бірінші балабақшамызды аштық, келесі жылы екінші балабақшаны аштық. 4 жылдың ішінде біз 4 балабақша аштық. Бүгінгі таңда 850 бала, 850 отбасы бар. Өте көп жұмыс. Өте үлкен жауапкершілік», – дейді бағдарлама Қонағы. «Дарынды бала» бала бақшаларында 3 жастан бастап балалар футболмен айналысады, домбырамен ойнайды, ән айтады, би билейді, сурет салады. Өз тәжірибесінің негізінде ол «30 күн ішінде балабақшаны қалай ашу керек екені жайлы» деген кітап жазды. Бағдарлама соңында Айнагүл Қайырбекқызы бенефис-шоу шарты бойынша Ғ.Мұстафин атындағы №83 жалпы білім беретін орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Алина Самошкинаның сұрағын (анасы туралы) ең таңдаулы және мағыналы деп шешіп, арнайы сыйлығын берді. Жоба ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Айнагүл Хамитоваға табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» кәдесыйын және Абайдың «Қара сөз» кітабын табыс етті.
Қараша 22, 2019 Айнагүл Қайырбекқызы By odb-abai inБасты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» кітапханалық жоба аясында 2019 жылғы 22 қарашада «SARYARQA» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі өтті. Диалог алаңында «Дарынды бала» балалардың көшбасшылығын дамыту орталығының құрылтайшысы, «Алтын алқа» төс белгісінің иегері, Қарағанды облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айнагүл Хамитова және Ғ.Мұстафин атындағы №83 және №10 ЖБББОМ оқушылары (60-қа жуық) кездесті. Әңгіме барысы «Айнагүл Қайырбекқызы, сізге мынадай әдемі есімді кім қойды» дегенмен басталды. Айнагүл өзінің атын анасы қойғанын, анасының орны бөлек және оның бейнесі үнемі жүрегінде екенін айтты. Бұл ана мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынасты білдіріп қана қоймай, аналық махаббаттың өшпес берік белгісі екендігін білдіреді. Айнагүлдің айтуынша, ол анасының өсиеттерін орындауға тырысады, сол кісінің ізімен жүргісі келеді. Айнагүл үшін өмірдегі ең үлкен өкініш – бұл анасына өте аз уақыт бөлгені. Анасының өмірден өткені Айнагүл Қайырбекқызына үлкен соққы болып тиген екен. Әңгіме барысында бенефис-шоуға қатысушылар, қазір Хамитовтар отбасында 2 ұл және 5 қыз бала тәрбиеленіп жатқанын білді. «Біз жұбайымызбен әр баламызға ең жақсы тәрбие, білім беруге тырысамыз. Балаларымызды музыка, кескіндеме және қолданбалы өнерге баулимыз. Балалардың көптігінен біз қорықпаймыз, баланың көптігі жаңа шешімдер мен жаңа жобаларға шабыттандырады». Үлкен ұлы экономикалық бағыт бойынша Канадада жоғары білім алып, бүгінде көп саяхат жасап, тілдерді үйренуде, қазір танымал блогер. Басқа балалары да түрлі салаларда өздерінің қабілеттерін көрсетіп отыр: біреуі музыкада, енді біреуі математикада, ал бірі киім дизайнында ерекше талпыныс танытып келеді. А.Хамитова өзінің балалық шағы мен мектеп жылдары туралы қуана еске алды. Ол мұғалімдерді тыңдамай, бұзақылық мінез көрсетіп, өте ширақ, әуесқой оқушы болған екен. Мұғалім болуды армандаған, бірақ ата-анасының талабымен Қарағанды политехникалық институтына (қазіргі ҚарМТУ) оқуға түскен. Бірақ, Айнагүл тек көп балалы ана ғана емес, сонымен қатар, табысты тәрбиеші, ұйымдастырушы бола алатынын дәлелдеді. Диалогтық алаң қатысушыларына Айнагүл «Өзіңізге ұнайтын, жүрегіңіз қалайтын мамандыққа бару маңызды.. Бастысы – өзіңіздің жүрегіңізді тыңдаңыз, сонда сізден керемет маман иесі шығады»,- деді. Қандай әдебиетті сүйіп оқисыз деген сұраққа Айнагүл Қайырбекқызы шығу тегі ливандық белгілі американдық ғалым Нассим Николас Талебаның ғылыми мақалалары мен экономика мен қаржы мәселелеріне арналған кітаптарын көп оқитындығын айтты. А.Хамитованың отбасы кітап оқығанды жақсы көреді, олар ай сайын 10-15 кітаптан сатып алады екен. Отбасы туралы әңгіме әрі қарай кәсіпкерлік қызмет саласына өтті. Айнагүл Қайырбекқызы балаларға арнап жұбайы Қайратпен бірге «Көшбасшылық дамыту» орталығын ұйымдастырғаны туралы және байқауға қатысып, грантты жеңіп алуы кәсіпкерлік бағытының алға басуына септігін тигізгеніне тоқталды. «Осыдан кейін біз бірінші балабақшамызды аштық, келесі жылы екінші балабақшаны аштық. 4 жылдың ішінде біз 4 балабақша аштық. Бүгінгі таңда 850 бала, 850 отбасы бар. Өте көп жұмыс. Өте үлкен жауапкершілік», – дейді бағдарлама Қонағы. «Дарынды бала» бала бақшаларында 3 жастан бастап балалар футболмен айналысады, домбырамен ойнайды, ән айтады, би билейді, сурет салады. Өз тәжірибесінің негізінде ол «30 күн ішінде балабақшаны қалай ашу керек екені жайлы» деген кітап жазды. Бағдарлама соңында Айнагүл Қайырбекқызы бенефис-шоу шарты бойынша Ғ.Мұстафин атындағы №83 жалпы білім беретін орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Алина Самошкинаның сұрағын (анасы туралы) ең таңдаулы және мағыналы деп шешіп, арнайы сыйлығын берді. Жоба ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Айнагүл Хамитоваға табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» кәдесыйын және Абайдың «Қара сөз» кітабын табыс етті.
Қараша 22, 2019 «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы. Айнагүл Хамитовамен кездесу By odb-abai inБасты, Жаңалықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» кітапханалық жоба аясында 2019 жылғы 22 қарашада «SARYARQA» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі өтті. Диалог алаңында «Дарынды бала» балалардың көшбасшылығын дамыту орталығының құрылтайшысы, «Алтын алқа» төс белгісінің иегері, Қарағанды облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айнагүл Хамитова және Ғ.Мұстафин атындағы №83 және №10 ЖБББОМ оқушылары (60-қа жуық) кездесті. Әңгіме барысы «Айнагүл Қайырбекқызы, сізге мынадай әдемі есімді кім қойды» дегенмен басталды. Айнагүл өзінің атын анасы қойғанын, анасының орны бөлек және оның бейнесі үнемі жүрегінде екенін айтты. Бұл ана мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынасты білдіріп қана қоймай, аналық махаббаттың өшпес берік белгісі екендігін білдіреді. Айнагүлдің айтуынша, ол анасының өсиеттерін орындауға тырысады, сол кісінің ізімен жүргісі келеді. Айнагүл үшін өмірдегі ең үлкен өкініш – бұл анасына өте аз уақыт бөлгені. Анасының өмірден өткені Айнагүл Қайырбекқызына үлкен соққы болып тиген екен. Әңгіме барысында бенефис-шоуға қатысушылар, қазір Хамитовтар отбасында 2 ұл және 5 қыз бала тәрбиеленіп жатқанын білді. «Біз жұбайымызбен әр баламызға ең жақсы тәрбие, білім беруге тырысамыз. Балаларымызды музыка, кескіндеме және қолданбалы өнерге баулимыз. Балалардың көптігінен біз қорықпаймыз, баланың көптігі жаңа шешімдер мен жаңа жобаларға шабыттандырады». Үлкен ұлы экономикалық бағыт бойынша Канадада жоғары білім алып, бүгінде көп саяхат жасап, тілдерді үйренуде, қазір танымал блогер. Басқа балалары да түрлі салаларда өздерінің қабілеттерін көрсетіп отыр: біреуі музыкада, енді біреуі математикада, ал бірі киім дизайнында ерекше талпыныс танытып келеді. А.Хамитова өзінің балалық шағы мен мектеп жылдары туралы қуана еске алды. Ол мұғалімдерді тыңдамай, бұзақылық мінез көрсетіп, өте ширақ, әуесқой оқушы болған екен. Мұғалім болуды армандаған, бірақ ата-анасының талабымен Қарағанды политехникалық институтына (қазіргі ҚарМТУ) оқуға түскен. Бірақ, Айнагүл тек көп балалы ана ғана емес, сонымен қатар, табысты тәрбиеші, ұйымдастырушы бола алатынын дәлелдеді. Диалогтық алаң қатысушыларына Айнагүл «Өзіңізге ұнайтын, жүрегіңіз қалайтын мамандыққа бару маңызды.. Бастысы – өзіңіздің жүрегіңізді тыңдаңыз, сонда сізден керемет маман иесі шығады»,- деді. Қандай әдебиетті сүйіп оқисыз деген сұраққа Айнагүл Қайырбекқызы шығу тегі ливандық белгілі американдық ғалым Нассим Николас Талебаның ғылыми мақалалары мен экономика мен қаржы мәселелеріне арналған кітаптарын көп оқитындығын айтты. А.Хамитованың отбасы кітап оқығанды жақсы көреді, олар ай сайын 10-15 кітаптан сатып алады екен. Отбасы туралы әңгіме әрі қарай кәсіпкерлік қызмет саласына өтті. Айнагүл Қайырбекқызы балаларға арнап жұбайы Қайратпен бірге «Көшбасшылық дамыту» орталығын ұйымдастырғаны туралы және байқауға қатысып, грантты жеңіп алуы кәсіпкерлік бағытының алға басуына септігін тигізгеніне тоқталды. «Осыдан кейін біз бірінші балабақшамызды аштық, келесі жылы екінші балабақшаны аштық. 4 жылдың ішінде біз 4 балабақша аштық. Бүгінгі таңда 850 бала, 850 отбасы бар. Өте көп жұмыс. Өте үлкен жауапкершілік», – дейді бағдарлама Қонағы. «Дарынды бала» бала бақшаларында 3 жастан бастап балалар футболмен айналысады, домбырамен ойнайды, ән айтады, би билейді, сурет салады. Өз тәжірибесінің негізінде ол «30 күн ішінде балабақшаны қалай ашу керек екені жайлы» деген кітап жазды. Бағдарлама соңында Айнагүл Қайырбекқызы бенефис-шоу шарты бойынша Ғ.Мұстафин атындағы №83 жалпы білім беретін орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Алина Самошкинаның сұрағын (анасы туралы) ең таңдаулы және мағыналы деп шешіп, арнайы сыйлығын берді. Жоба ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Айнагүл Хамитоваға табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» кәдесыйын және Абайдың «Қара сөз» кітабын табыс етті.
Наурыз 15, 2019 «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы Нияз Сундиталиевпен диалог By odb-abai inБасты 2019 жылғы 6 наурызда «Saryarqa» арнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының телевизиялық түсірілімі болды. Біздің аттас жобамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген. 15 наурызда бағдарлама эфирге шықты. Әрі қарай оқу