«Eurasian Book Fair-2024» VIІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі!

Астанада 17-21 сәуір аралығында Конгресс Орталығында «Astana Eurasian Book Fair – 2024» VII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы. Бес күн бойы Түркия, Ресей, Иран, Өзбекстан, Қазақстан компаниялары өз өнімдерін ұсынады.
17 сәуірде біздің кітапхана қызметкерлері бұл іс-шараның ашылу салтанатына қатысты. Белгілі қазақстандық ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгерееваның «Менің Фаризам» және Дархан Қыдырәлінің «Мұстафа» кітаптарының таныстырылымында болды.
Жәрмеңкенің бағдарламасы бай әрі қызықты болды: түрлі дәрістер, көрмелер, интерактивті алаңдар, шеберлік сыныптары өткізіліп, көптеген баспалар мен кітап дүкендері өз өнімдерін ұсынды.
Мұндай шаралар кітапханашылар үшін өте маңызды. Олар бізге жаңа кітаптардың үлкен ағысын шарлауға және оқырмандарымызбен «бір толқында» болуға көмектеседі.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» дауыстап оқу

Кітапхана қызметкерлері «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында кезекті дауыстап оқуды ұйымдастырды.
Биыл жазушы, ақын, қазақ сатирасының классигі Оспанхан Әубәкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай «Нового телевидения» жүргізушісі Ермек Фариза оқырмандарға Оспанхан Әубәкіровтің «Жабақ туралы әнгімелер» кітабынан әңгімелерді дауыстап оқып берді.
О. Әубәкіров балаларға арналған, өлең-жыр, ертегі, пьеса жазған. Ең алғашқы кітабы «Қоңырау» деген атпен 1960 жылы жарық көрген. Балалар мен ата-аналар әзіл-сықақ толы әңгімені ынта қойып тыңдады.

«Жолбарыс мен тышқан»

«Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағында балалар «Жолбарыс мен тышқан» ертегісі бойынша тышқанның көлемді аппликациясын жасады.

«Қаныш Сәтбаев – ұлы геолог, ғалым» кітапханалық дәріс

Аса көрнекті ғалым, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, геолог, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қаныш Сәтпаев – ұлы геолог, ғалым» атты кітапханалық дәріс өткізілді.
Дәрісті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Қасымова жүргізді. Шараға Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ-ның 9-сынып оқушылары қатысты. Ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақатында «Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.
Қазақстанның білімін, ғылымын, өнерін дамытуға зор үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметін айшықтатын танымдық мәні бар мұндай шаралар оқушылардың жеке тұлға және болашақта әртүрлі саланың білікті мамандары ретінде қалыптасуында ерекше орын алары да сөзсіз.

Библиотур «Балалар кітапханасы: қала картасындағы нүкте»

Кітапханада «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне экскурсиясы өткізілді. Балалар кітапхана тарихымен, үйірмелер мен клубтардың жұмысымен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен танысты.
Барлық балалар кітапханаға жазылды. Экскурсиядан кейін кітапханашы А. С. Пушкиннің ертегілері бойынша викториналық сұрақтар жасырып «По щучьему велению» фильмін көруге ұсынды.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Кітапханада «Гвоздичка» балабақшасының «Құлыншақ» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Әріптер сөйлейді» тақырыбында өткізілді.
Тақырыбының өзі айтып тұрғандай «Әліппе – білім бастауы» демекші, баланың ең алғашкы кітабы – әліппе.
Сабақ барысында балаларға дыбыстар мен әріптер туралы түсінік беріп, әріптердің қазақ тілінде қалай дыбысталып айтылатынын үйреттік.

«Көктемгі құс»

«Шуақ» шығармашылық студиясы өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті сабақтың тақырыбы «Көктемгі құс». Балалар мынандай сұрақтарға жауап берді: Қандай құстар жылы жаққа ұшып, көктемде оралады? Көктемде қандай құстар ән сала бастайды? Әңгіменің соңында балалар «Бұтақтағы құс» аппликациясын жасады.

«Қауырсын қалам» әдеби клубы

«Қауырсын қалам» әдеби клубының жас ақын достары өте көп. Олардың арасында аға буын авторлар бар. Қаламгерлер кітапханаға келгенді ұнатады. Олар жас әріптестерімен өлең жазу құпияларымен бөліседі, поэтикалық өнердің кедергілері мен қиындықтары туралы әңгімелейді.
31 наурыз күні клуб отырысы қарағандылық ақын Вилена Брусникинаның қатысуымен өтті. Ақын бірнеше өлеңдер жинағының авторы, Қазақстандағы, Ресейдегі және Франциядағы поэзия байқауларының қатысушысы және лауреаты. Оның өлеңдері «Писатели русского мира: ХХІ век» поэзия энциклопедиясына енген және «Александр Пушкин – 225 лет» медалінің иегері. Ақынның шығармалары қазақ және қытай тілдеріне аударылған. В. Брусникина қазақ ақыны Салтанат Қайырбектың өлеңдеріне орыс тіліне аударған.
Қонақ шара барысында «Қауырсын қалам» клубының мүшелеріне өлең жазу құпияларымен бөлісіп бағыт-бағдар боларлық ақыл-кеңесін берді.

«Ертегі патшасы – Андерсен»

31 наурызда Балалар кітабының апталығы аясында бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған «Қар ханшайымы» ертегісінің 180 жылдығына орай «Ертегі патшасы – Андерсен» әдеби-театр сағаты өткізілді. Жүргізуші барлық қатысушыларды «Қар ханшайымы» ертегісі әлеміне саяхаттауға шақырды. Шара барысында ертегінің шығу тарихы айтылды, «Думан» балабақшасының тәрбиеленушілері ертегінің қойылымын қойды. Жас оқырмандар ән айтып, өлең оқып, викторина сұрақтарына жауап берді. Шара қызықты және танымды өтті.

«Киізден жасалған сөмке» шеберлік сыныбы

Кітапханада 31 наурызда Евгения Шульцтің жетекшілігімен шеберлік сыныбы өтті. Қатысушылар түрлі-түсті жүнді пайдалана отырып ерекше стильді шағын сөмкелер жасады. Балаларға киізден жасалған сапалы әдемі сөмке қатты ұнады.