«Ұлттық дефиле»

Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Наурыз мерекесіне арналған Наурызнама онкүндік шеңберінде кітапханада 18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай ұлттық киімдер дефилесі өтті.
Балалар қазақтың ұлттық ойындары сақина тастау, арқан тартыс ойнап, сондай-ақ «Қара жорға», «Адай» биін биледі. Кітапхананың тұрақты оқырманы Доскей Айдын домбырада «Ерке сылқым», «Балбырауын» күйлерін тартып берді.

«Книгокиномания» клубы

«Книгокиномания» клубы отырысы аясында режиссер А.Кончаловский түсірген әйгілі қырғыз жазушысы Ш. Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі желісімен түсірілген толықметражды фильмі көрсетілді.
Шыңғыс Аймтовтың «Алғашқы ұстаз» повесі сонау 1924 жылы болған оқиға адам тағдырын қалай өзгерткенін, ауылда өскен жетім қыздың академик дәрежесіне жетуіне себеп болған алғашқы ұстазы туралы баяндалады.
Фильмді көргеннен кейін балалар кітап пен фильмдегі айырмашылықтар туралы өз пікірлерін айтты.

Наурыз

Наурыз – Қазақстан үшін маңызды мереке, қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Әңгімелесу барысында балалар өз халқының мәдениетін, тарихын және салт-дәстүрін айтып таңқалдырды. Соңында түрлі-түсті қағаздан гүлдер жасады.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Көктем кеді» тақырыбында өткізілді.
Ойын технологияларын (викториналар, жұмбақтар) пайдалана отырып, үйірме жетекшісі Ж.Зейкенова балаларға көктем мезгілінің ерекшеліктерімен негізгі белгілерін білуге көмектесті. Балалар «Көктем келді» танымдық бейнеролигін қызығушылықпен және ынтамен тамашалап, жаңа сөздерімен танысты.

«Алаш Орда көшбасшыларының, Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» тақырыбында дәріс

Бүгін кітапханада «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ ұйымдастыруымен «Алаш Орда көшбасшыларының, Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» атты дәріс Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің және Қарағанды техникалық – экономикалық колледжінің студенттерінің қатысуымен өтті.
Дәрісті Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (МАИН) академигі, әдебиеттанушы ғалым, сыншы Жандос Қожахметұлы Смағұлов жүргізді.
Модератор: «Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің Ассоциациясы» ҚБ атқарушы директоры – Санаубаев Серік Мәлібекұлы.

«Киіз үй»

14 наурыз – Көрісу күні. Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі саналатын бұл күн Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналады. Осы мереке қарсаңында кітапханада киіз үй этноконструкторын құрастыру бойынша тренинг өтті.
Балалар көшпелілер мәдениетінің сәніне айналған, бабамыздың көзіндей болған киіз үй туралы қызықты мағлұмат алып, киіз үй этноконструкторын жинауға белсене қатысты.

«Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» кітап көрмесі

Кітапхананың оқу залында «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы жазылған басылым беттеріндегі материалдар және әдебиеттер қойылды.

Киізден жасалған суреттер

Кітапханада Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, Қарағандылық суретші, этнодизайнер Евгения Шульцтің шеберлік сыныбы өтті.
Қазақ халқының барлық мәдени сан алуандығы Евгения Шульцтің көптеген еңбектерінде көрініс тапқан. Оның киізден жасалған суреттері Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал.
Киіз басудың шеберіне айналған Евгения Шульцтің айтуынша жүнмен жұмыс жасау кез келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін қолдың күші көп болуы қажет.
Шараға қатысушылар жетекшінің көмегімен құрғақ жүннен «Степь ковыльная» және «Өмір ағашы» атты суреттерді киізде салып жасады.

8 наурыз

Көктем айымен бірге бізге әдемі және ең жарқын керемет мереке – 8
наурыз Халықаралық әйелдер күні, көктемнің ең таңғажайып, ең нәзік
мерекесі келді!
Бұл күн ерекше күн, күн сәулесімен және күлімсіреген шырайлы күндерімен бізге жарқын көңіл күй сыйлайды.
Мереке қарсаңында №3 гимназияның 4 сынып оқушылары үшін
«Super қыздар» конкурстық- ойын бағдарламасы өткізілді. Қыздар барлық
ойындар мен байқауларға қызығушылық танытып қатысты. Ұл балаларда өз сыныптастарын қолдап келді.
Мерекелік бағдарлама шуақты, мерекелік жарқын көңіл – күй сыйлады!

Жапония мәдениеті апталығы

Кітапханада «Мәдениеттер тоғысы» жобасы аясында Жапония мәдениеті апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Мерекелік шараның шымылдығын Жапония туралы тамаша әнмен, біздің оқырманымыз, «Қазақстан дауысы. Балалар» байқауының финалисті Ляйсан Исмакова ашты.
Апталық аясында қатысушылардың назарына тақырыптық бұрыштар ұйымдастырылып: жапон кескіндемесі өнері бойынша суреттер салды, жапон каллиграфиясы бойынша балалар өз есімдерін иероглифтермен жазды.
Балалар Жапон халқының символы болып саналатын сакура ағашына гүлдер жасады, жапон тағамдары суши мен роллды дайындап аспаздық шеберлік сабақтарына қатысты.
Каратэ және оригами бойынша шеберлік сыныптары өтті.
Балалардың назарына жапондық қызықты «Дитя чудовища» анимациялық фильмі ұсынылды.
Шәкәрім атындағы гимназияның оқушылары және «Думан» бөбекжай тәрбиеленушілері оқырмандар мен кітапханашылар назарына «Барсук и волшебный веер», «Сиқырлы орындық» атты жапон халқының ертегілерін сахналау арқылы тамаша қойылым көрсетті.
Жапон апталығының соңғы күнінде аниме косплей ұйымдастырылып өткізілді. Сондай-ақ апта бойы қатысушылар назарына жапон авторларының кітаптары ұсынылып, «Сакура гүлінің көлеңкесінде» көркем фотоаймақта суретке түсті.