Наурыз 5, 2024 «Көңілді ағылшын» By odb-abai inЖаңалықтар «Көңілді ағылшын» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті сабақ «Weather. Ауа райы» тақырыбында өтті. Балалар қызықты «What is the weather like?» үстел ойындарын ойнау арқылы ауа райын ағылшын тілінде сипаттап үйренді. Сондай-ақ сабақ соңында «How’s The Weather?» әнін айтты.
Наурыз 3, 2024 «Корзинка» шебер-сабағы By odb-abai inЖаңалықтар Аяулы әжелеріміздің, аналарымыздың, әпкелеріміздің, барша әйел қауымының көктем мерекесі жақындап келеді. Өз қолыңнан шыққан бұйымды сыйлыққа тартудан артық ештеңе жоқ. Осыған орай бүгін кітапханамызда тәлімгер Жанна Попованың бастамасымен моншақ пен лента элементтері бар, фоамираннан сыйлық салатын себет жасау бойынша шеберлік сабағы өтті.
Наурыз 1, 2024 «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» дауыстап оқу By odb-abai inЖаңалықтар Балалар әдебиетін дамыту өскелең ұрпақ үшін керек. Кейінгі ұрпақтың тіл ұстартып, кітап оқуға деген құштарлығын арттыру да аса маңызды. Осы мақсатта кітапханада «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында дауыстап оқу өткізілді. Балаларға арнап әңгімелер жазып жүрген Қарағандылық қаламгер Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.м. Жақан Жұпар Рысқұлқызы «Балаларға базарлық» атты жинағынан «Чипси мен Шибаурсақ» әңгімесін оқыды. Әңгіме кішкентай оқырмандарға қатты ұнап әр баланың көңілінен шықты.
Наурыз 1, 2024 «Гербарий» By odb-abai inЖаңалықтар 2024 жылы «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін кітапханада «Гербарий» танымдық сабағына «Ақпараттық технология» мектебінің оқушылары қатысты. Балаларға гербарийдің не екені түсіндіріліп, оны қалай дұрыс жинау керектігі жайлы ролик көрсетілді. Сондай-ақ, дайын «Деревья и кустарники» гербарийі ұсынылып, олардың жапырақтарын микроскоппен қарады. Зертхана жұмысының соңында А.Васильеваның «Мой гербарий. Листья деревьев» кітабына шолу жасалды. Сәнді гербарийді өз қолыңызбен жасауға болады!
Наурыз 1, 2024 Алғыс айту күніне By odb-abai inЖаңалықтар Көктем айының алғашқы күні, 1-наурыз Алғыс айту күніне орай кітапханада «Алғыс айту – парызым!» атты «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» қушыларының қатысуымен танымдық, сабақ өтті. Тағылымға толы іс-шара барысында оқушыларға еліміздің салт – дәстүрімен тарихына құрмет көрсетіп, әрі ұлт бірлігін нығайтатын мерекенің тарихи маңыздылығы түсіндірілді. Шара соныңда балалармен бірге кахут ойыны ойналды. Мереке достық, мейірімділік туралы өлеңдер оқумен және бір-біріне алғыс сөздерін айтумен аяқталды.
Ақпан 29, 2024 Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы By odb-abai inЖаңалықтар Биыл Қарағанды қаласының 90 жылдығына орай облысымыздың тарихын, әдебиеті мен өнерін, географиясын тану мақсатында №6 ЖББМ 10 сынып оқушыларымен «Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы» атты библиографиялық сабағы өтті. Сабақ барысында оқушылар Қарағанды өңіріне қатысты 5 тақырып бойынша жасырылған 10-50 санына дейінгі ұяшықтарды таңдау арқылы өлке тарихымен танысып, туып-өскен жері жайында көптеген ақпараттар алды.
Ақпан 29, 2024 «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада «Еркетайым» балабақшасының «Балапан» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің сабағы «Санап үйренейік» тақырыбында өткізілді. Бүгінгі сабақ барысы ойын түрінде өткізілді. Балалар сандармен танысып, «Он саусақ» ойынын ойнап, жасырын тұрған сандарды тауып, қазақша атауын айтып тапсырмаларды тиянақты орындады. Сабақ өте қызықты әрі көңілді болды. Сабақ соңында бүлдіршіндер «Санау әні» атты бейнеролигін тамашалады.
Ақпан 27, 2024 Өрт сөндірушімен кездесу By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада № 48 ЖББМ 7 сынып оқушыларының қатысумен төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Дамир Нұрланұлы Сағатаевпен кездесу өтті. Әңгіме өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығы, оның ерекшеліктері мен қиындықтары туралы болды. Келген қонағымыз өзінің қызметінен мысалдар келтіріп, тапсырманы орындау кезінде жинақылық, тәртіп, батылдық сияқты адамға қажет негізгі қасиеттерді атады өтті. Балалар Дамир Нұрланұлынан өрт сөндіруші мамандығын қайда оқуға болатынын және ол үшін не қажет екенін сұрап білді. Шара «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» атты кездесу циклі шеңберінде өтті.
Ақпан 25, 2024 Италия мәдениетінің апталығы By odb-abai inЖаңалықтар 19 ақпанда кітапханада «Мәдениеттер тоғысында» атты кітапхана жобасы аясында Италия мәдениеті апталығының ашылуы өтті. Оқырмандар мен кітапхана қонақтары Италия елінің мәдениеті мен әдебиетін, тарихын, салт-дәстүрлеріндегі ерекшеліктермен танысуға мүмкіндік алды. Салтанатты ашылу кітапхана фойесінде өтті, онда Академиялық музыкалық комедия театрының әртістері Макарова Елизавета мен Элагати Мерей Итальян тілінде құлақ құрышын қандырар арияларды шырқады. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы өз қорынан италяндық суретші Ремо Вольфтың экслибристерін, италяндық суретші Кармин Барборо мен қарағандылық суретші Полина Карпунинаның картиналарын Италия мәдениеті апталығы аясында оқырмандар назарына ұсынды. Іс-шараға келушілер италяндық стильдегі киімдері бар сәнді салонды тамашалап, Қарағанды облысы архитекторлар одағының мүшесі Владимир Троценконың Италияның сәулет өнері туралы баяндамасын тыңдады. Ашылу салтанаты «ЛеТа» аспаптық ансамблінің орындауындағы неаполитандық әуендермен аяқталды. 20 ақпанда оқырмандарға итальяндық режиссер, неореализм классигі Витторио де Сиканың 1948 жылы Луиджи Бартолинидің хикаясының негізінде түсірілген, әлі де өзектілігін жоғалтпаған, әлеуметтік әділетсіздік пен оның қарапайым адам тағдырына әсерін шебер бейнелеген «Похитители велосипедов» фильмі көрсетілді. 21 ақпан аспаз Виталий Косенчуктің шеберлік-сабағына арналды. Аспаз италияндық салатты дайындау әдісімен бөлісіп, оқырмандарға жалпы Италия асханасының қыр-сыры жайлы танымдық мағлұмат берді. Италия мәдениетінің апталығы «Мафия» командалық ойынымен аяқталды. Ойын барысында біздің оқырмандар бейбіт тұрғындардың, полиция қызметкерлері мен мафия өкілдерінің бейнелерін қолданған болатын. Қылмыстық әлем көшбасшыларын іздеуде қатысушылар интуициялары мен логикалық ойлау қабілеттеріне сүйене отырып, ауызбіршіліктің керемет нұсқасын көрсетті.
Ақпан 25, 2024 «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында өткізілді. Балалар сабақта қысқы табиғат ерекшеліктерімен танысып, сурет салды. Өз жұмыстары туралы әңгімелеп, қыс туралы ән шырқады.