Желтоқсан 7, 2023 Ауызша журнал «Оқырманын тәнті еткен – Тәкен» By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Қарағанды техникалық экономикалық колледжі» ЖМ 1 курс студенттерінің қатысуымен Тәкен Әлімқұловтың 105 жылдығына арналған ауызша журнал форматында «Оқырманын тәнті еткен – Тәкен» атты танымдық іс-шара өтті. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы п.ғ.м, докторант А.Қ.Қайырбекова арнайы шақырылып, өз ойымен бөлісті. Мұндай форматтағы іс-шараның мақсаты: ауызша журналдың тарауларына сүйене отырып оқырмандарға қаламгердің өмірі мен стильдік ерекшелігіне тоқталу арқылы қаламынан туындаған шығармаларын насихаттау.
Желтоқсан 6, 2023 «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті кәсібі» тақырыптық көрмесі By odb-abai inЖаңалықтар Желтоқсан айында бүкіл әлемде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтілетіні баршамызға мәлім. Ал, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты сыбайлас жемқорлықтан азат мемлекет құруға бағытталған және сыбайлас жемқорлықты жою арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Атаулы күнге орай Абай атындағы балалар кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселелері» атты тақырыптық көрме рәсімделіп, көрмеге Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі таңдағы жағдайына байланысты материалдар, Қазақстанның танымал адамдарының қанатты сөздері, буклеттер мен плакаттар қойылды.
Желтоқсан 4, 2023 Мейірімділік әлемді құтқарады By odb-abai inЖаңалықтар 4 желтоқсанда Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы № 88 орта мектептің 3-сынып оқушылары үшін Халықаралық мүгедектер күніне орай «Мейірімділік әлемді құтқарады» мейірімділік сабағын өткізді. Кітапханашы балаларға «жақсылық» пен «қайырымдылық» ұғымдарын және адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасай алатынын еске салды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Махаббат, қайырымдылық, мейірімділік бұл әлемді қатыгездіктен және жек көруден сақтайды. Балалар «Сыпайы сөздер», «Адамгершілік қасиеттер» ойындарына қатысты. Шара соңында оқушылар «Цветик- семицветик» ертегісін тыңдап, талқылап, сыпайы сөздер мен ізгі іс-әрекеттер – әдептіліктің алғышарты екенін айтты.
Желтоқсан 3, 2023 «Көңілді ағылшын» By odb-abai inЖаңалықтар «Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «My favourite place. Менің сүйікті жерім» тақырыбында өтті. Балалар қызықты «Қолтырауын» ойынын ойнады, сондай-ақ қаладағы жиі баратын сүйікті жерлері туралы айтып берді.
Желтоқсан 3, 2023 «Free Style» арт-шеберханасы By odb-abai inЖаңалықтар «Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Зебра білезігін» жасау тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі білезіктерді ашық әрі нәзік түсті майда моншақтардан жасап үйренді. Білезік дайындауға түрлі-түсті майда моншақ, қайшы, қыл жіп, ине пайдаланды.
Қараша 30, 2023 «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада «Еркетайым» балабақшасының «Ласточка» бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Адамның дене мүшелері» тақырыбында өткізілді. Сабақ өткізу барысында ойын түрлерін қолдану арқылы адамның иық, қол, аяқ, шынтақ, тізе, табан және т.б. дене мүшелерін қазақ тілінде айтып үйренді. Сабақ соңында бүлдіршіндер жаңа кітаптармен таңысты.
Қараша 24, 2023 «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында «Думан» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен баланы дамытуға арналған танымдық тапсырмалар жинақталған «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Қандай киім киемін?» кітапшасын таныстыру мақсатында сабақ өтті. Үйірме жетекшісі балаларды жыл мезгілдері бойынша киетін киім-кешектің түрлерімен танысты. Сабақ сергіту сәтімен жалғасып, балалар әр түрлі тапсырмалар орындады.
Қараша 23, 2023 «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» дауыстап оқу By odb-abai inЖаңалықтар Кітапхананың жас оқырмандары қарағандылық жазушы Марина Алясовамен кездесіп және әлемге әйгілі шығармаларын алғашқы болып тыңдауға тамаша мүмкіндік алды. «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында қонағымыз балаларға «Ветерок» циклі бойынша «Мудрые сказки для детей и взрослых» ертегісін оқып берді. Марина Алясова иеленген Мария Шевель сыйлығы Еуразиядағы балалар әдебиеті саласындағы ең беделді марапаттардың бірі. Ол «ашық Еуразия» байқауы аясында 2018 жылдан бастап «Балаларға арналған Проза» санатында бірінші орын алған көрнекті авторларға табысталады. Автордың осы жеңіске жеткендегі шығармалар жинағы балаларға арналған әдебиеттің дамуына және танымал болуына айтарлықтай үлесін қосты. «Ашық Еуразия: Суперкубок» жобасындағы жеңіс және Марина Алясова кітабының Ұлыбританияда шығуы Қазақстан әдебиеті үшін шығармашылықта жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қараша 20, 2023 «Free style» арт-шеберханасы By odb-abai inЖаңалықтар Жаңа жылға бір айдан астам уақыт қалды, жас оқырмандардың қатысуымен экологиялық таза материалдарда шырша әшекейлерін жасау бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Сабақты тәлімгер Юрий Нестеров жүргізді. Балалар жұмсақ мақтадан жеңіл және сынғыш емес кішкене суық торғайды жасады. Торғайлар өте әдемі керемет болып шықты.
Қараша 20, 2023 «Алаш Орда көшбасшыларының, Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» атты лекториі By odb-abai inЖаңалықтар Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Алаш Орда көшбасшыларының, Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» атты лекториі ғалымдармен, журналистер және жастардың қатысумен өтті. Бұл шараны ұйымдастырушылар – «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ және «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ. Дәріс шешендік өнер туралы жан-жақты мағлұмат берілумен қатар, дұрыс және түсінікті сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Лекторийді Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, әдебиеттанушы ғалым, сыншы Жандос Қожахметұлы Смағұлов жүргізді. Модератор: «Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің Ассоциациясы» ҚБ атқарушы директоры – Санаубаев Серік Мәлібекұлы.