«Балалықтың жан жылуы-кітапта» Ашық есік күндері

Жаңа оқу жылының алғашқы күндері кітапханаға Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның 5 – сынып оқушылары және №1 гимназияның 4 -сынып оқушылары экскурсияға келді. Балалар кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерімен танысты. Кітапханашылар балаларға қалай оқырман болу керектігін және кітапханада олардың жасына қарай не қызықты болатынын айтып берді. Шараға қатысушылардың барлығы «Aiza» фирмасының балдай тәтті – балмұздағынан дәм татты.

 

«Кітапханадағы білім күні»

Білім күні – салтанатты және нағыз күз мерекесі. Бұл күні, 1 қыркүйекте кітапхана жас оқырмандарды мерекелік түрде қарсы алды. Мұнда тақырыптық фотоаймақта естелік фотосурет түсіруге, көрмелер мен байқауларға қатысуға, кітаптармен танысуға, инсталляцияға баруға және тіпті “Айза”ЖШС демеушілері ұсынған балмұздақ жеуге болады.

«Конституция – мәңгілік елдің берік тұғыры» кітап көрмесі

Қазақстан Республикасының Конституция күнін арналған «Конституция – мәңгілік елдің берік тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты – ҚР Конституция туралы білімді тереңдету, оған өзінің Ата Заңының құқықтары мен міндеттерін құрметтеуге және орындауға негізделген саналы көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.
Кітап көрмесіне ғылыми басылымдар, тарихи деректер, анықтамалық-иллюстрациялық нұсқаулар, мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар қойылды.

«Кенші аймағының портреті» флешмоб

Біздің қаламыз үшін Кеншілер күні ерекше мағыналы мереке болып табылады. Шахтерлар күні алғаш рет мереке болып 1948 жылы 29 тамызда тойланған болатын. Кенші мамандығы қызығынан гөрі шыжығы басым әрі сақтық пен жауапкершілікті қажет ететін қиын еңбектің бірі.
Туған өлкеміздің өсіп-өркендеуі, оның болашағы қазыналы кен орындарымен, мыс балқытып, кен өндірген және өңіріміздің жарқын жылнамасын жазған батыл да өжет жандардың жанқиярлық еңбегімен тығыз байланысты.
Кітапханада кеншілер күні қарсаңында «Гвоздичка» балабақша балаларының қатысуымен «Кенші аймағының портреті» атты флешмоб ұйымдастырылып өткізілді. Балалардың кеншілер күніне арналған би – бұл керемет және мерекелік шара болды.
Сондықтан, қаламыздағы жоғарыда аталған мамандық иелерінің еңбегі ерекше құрметке лайық! Бүлдіршін балалардың құттықтауы ұнады деген үміттеміз.

 

«2024 жылғы Олимпиада ойындары» көрме-панорама

Францияда 33-ші жазғы Олимпиада ойындары аяқталды.
Олимпиада ойындарына әлемнің 206 елінен он мыңнан астам спортшы қатысты.
Қарағанды облысы бойынша 5 спортшы бақ сынады. Олар, жүзуші Ксения Игнатова, гимнаст Данил Мұсабаев, жеңіл атлет Дэвид Ефремов, паралимпиадашылар Дастан Мұқашбеков және Даяна Федосова.
Осы іс-шараның құрметіне кітапханада көрме-панорама рәсімделді. Көрмеге Олимпиада ойындарының тарихы, 2024 жылғы Олимпиадаға қатысушы қарағандылықтар, әлемдік спорттық жетістіктер туралы энциклопециялар және т.б. басылымдар ұсынылды.

 

 

«Алаштың сөнбес жұлдызы» кітап көрмесі

Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, аудармашы, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл. Мерейлі датаға орай, кітапхананың оқу залында «Алаштың сөнбес жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, әр жылдары жазылған шығармалары, қоғам қайраткерлерінің мақалалары мен ақын-жазушылардың ол туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған естеліктері ұсынылған.

«Кітаппен шуақты кездесулер» жазғы оқу залының жабылуы

Кітапханада «Жаз. Балалар. Кітап» жобасының шеңберінде жазғы оқу залының жабылуы өтті. Кітапханашылар бұл жазды оқырмандары үшін ерекше және ұмытылмас ете алды.
Жазғы демалыстың барлық күндері жас оқырмандар әдеби сағаттар, шеберлік сыныптар, викториналар, танымдық іс-шараларға қатысып, отандық және шетелдік балалар әдебиетінің үздік туындыларымен танысты.
Ашық микрофон жұмыс істеді, онда балалар кітапқа өз көзқарастарын білдіруге, сүйікті шығармасы мен авторы туралы айтуға мүмкіндік алды.
Келесі жылы «Жаз. Балалар. Кітап» атты ұзақмерзімді жоба өз жұмысын жалғастырады. Барша оқимын деген балаларды кітапханада күтеміз!

 

Абай – қазақтың ұлы ақыны

Тамыздың 10-шы жұлдызы – қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні.
Еліміздің рухани әрі мәдени өркендеуі жолында алғашқы болып қадам жасаған тұлғалардың бірегейі – Абай атамызға деген құрметіміз шексіз әрі мәңгілік.
Абай көзі тірісінде 176-ға жуық өлең жазған. Ең танымалы – «Қара сөздері». 45 қара сөзден құралған бұл шығарманы ақын тоғыз жыл бойы жазған. Шығарма ең алғаш 1918 жылы, өзі өмірден өткен соң 14 жылдан кейін «Абай» журналында жарық көрді. Абай шығармалары әлемнің 60 тіліне аударылған. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.

Абай күні

Абай есімі Қарағанды қаласының балалар кітапханасымен тығыз байланысты. Абай күніне орай кітапханада «Абай сарыны» art–time өткізілді.
Абай әндерінің сазды әуендерінің әсемдігімен балалардың қиялынан шыққан суреттер қағаз бетіне акварельмен әдемілеп салынды. Шара барысында ұлы ақынның жыл мезгілдері туралы өлеңдері оқылды. Іс-шараның соңы балалар шығармашылық жұмыстарының көрмесімен аяқталды.

 

«Күн шуақты қояндар»

Жазды күні аталып өтетін ерекше, қызықты мерекелердің бірі Күн қояндары мерекесі. Осы мерекеге орай «Жаз. Балалар. Кітап» жобасы аясында біздің кішкентай оқырмандарымыз жұмбақтар шешті, «Қоянды ұста» ойынын ойнады, Валерий Медведевтің «Приключения солнечных зайчиков» атты кітабын оқыды, сонымен қатар дискілерден қоянның апликациясын жасады.
Балалар мерекеден көптеген жағымды эмоциялар мен әсер алды.