Ертегілер мен оқиғалар сағаты

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында логопед – дефектолог Гүлмира Рахимбаева кезекті дауыстап оқу өткізді. Қонақ балаларға түрік жазушысы Мерве Ергеноғлының (түрік тілінен аударған Ақтілек Бекзатқызы) «Қағаз ұшақ» атты әңгімесін таныстырды.

Перғауын жыландары

Кітапханада 13 қазан күні балаларға арналған «Перғауын жыландары» атты тәжірибе өткізілді. Балалар «Перғауын жыландарын» кальций глюканатын қолдану арқылы жасады.
Тәжірибе барысында перғауын жыландарына қатысты қызықты деректермен танысып, заттардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен химиялық қасиеттерін білді. Перғауын жыландары түрінде алынған реакция – мөлшері, түсі, жану жылдамдығы бойынша өте ерекше болып шықты.
Балаларға барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, үйде тәжірибе жүргізу ұсынылды.
«Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасының соңында қызықты химия бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды.

Бір ел – бір кітап

Кітапханада «Қауырсын қалам» әдеби клубының кезекті отырысы ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету мақсатында он жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған республикалық «Бір ел – бір кітап 2023» акциясында оқуға ұсынылған жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын насихаттау мақсатында өтті. Отырыста Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» факултетінің 1 курс студенттерімен жазушының шығармалары бойынша «Quiz» ойыны ойнатылды.

«Өзіңді қалай қорғауға болады» қауіпсіздік сабағы

Балалардың қауіпсіздігі жылдан жылға өзекті мәселе болып тұр. Негізгі себептердің бірі-балалардың қазіргі заманда болып жатқан қауіп-қатерді түсінбеушіліктері, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларының болмауы. Осы мақсатта кітапханада «Өзіңді қалай қорғауға болады» атты қауіпсіздік сабағы өткізілді. Балаларға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор және психолог Юсупова Ирина Владимировна ортаның қауіпті және зиянды факторларын қалай тануға және бағалауға, олардан қорғанудың тәсілдері туралы үйде, көшеде және табиғатта төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске түсіріп, қатысушыларға өз өмірі мен денсаулықтарын қорғау туралы айтып берді. Жас оқырмандар өмір қауіпсіздігі туралы кітаптармен қызығушылықпен танысты. Кездесу соңында барлық қатысушыларға ақпараттық парақшалар табысталды.

Құрметті достар!

Сіздердің назарларыңызға «Әдеби кейіпкер» циклінің кезекті көрмесін ұсынамыз. Көрмеге орыс халық ертегісі «Бауырсақ» жайлы жазылған қазақ және орыс тілідерінде кітаптар қойылған.
Тентек «Бауырсақ» атасы мен әжесінен қашып үлгерді! Ол қояннан, қасқырдан, аюдан және түлкіден қашып құтыла ала ма?
Балалармен бірігіп ең танымал орыс халық ертегілерінің бірін оқыңыз.

«Ыстықкөл – 2023: кітапханалар және қоғамды демократияландыру» XXI халықаралық конференция

3 қазанда Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Баян Уатаева Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған «Ыстықкөл – 2023: кітапханалар және қоғамды демократияландыру» XXI халықаралық конференциясы аясында өткен «Балам ақылды болсын десеңіз…
Және бұл миссиядағы кітапхана ролі» атты «Кітапхана-балалар мен жасөспірімдерді және ата-аналарды оқуға деген қызығушылығын дамыту провайдері» секциясында баяндама жасады.

 

«Қобыланды батыр» эпосын мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқау

Бүгін кітапханада «Қобыланды батыр» эпосынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқаудың алғашқы кезеңі өткізілді.
Байқауға қаламыздағы «М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия», «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі», «С. Саттаров атындағы мектеп-лицейі», Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ, «№97 Гимназия», «№17 ЖББМ», «№91 ЖББМ», «№25 ЖББМ», «№87 НОМ», «№53 МЛ» 20 мектеп оқушылары қатысып, тестілеу қорытындысы бойынша екінші кезеңге 16 үміткер жолдама алды.

Халықаралық қарттар күні

Кітапханада 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай құрметті демалыстағы зейнеткер – әріптестерімізбен кездесу өтті.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеу, ардақтау – біз үшін парыз.
Шараны кітапхана басшысы Уатаева Баян Қуанышқызы құттықтау сөзбен ашып, ардагер кітапханашыларымызға жылы лебіз білдірді. Кітапханаға зор еңбек сіңірген, қадірлі қонақтарымыз Дүкенбаева Рымкеш Шаматқызы, Жұмағұлова Рәбиға Садыққызы, Әбілсейтова Сәулеш Балтабайқызы сөз сөйлеп естеліктерімен бөлісті.
Салтанатты шараның соңы мерекелік дастарханға жалғасты.

 

«Өрт қауіпсіздігі» ақпараттық нұсқаулық

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні кітапхана қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізілді.
Ақпараттық нұсқаулықты Қарағанды қаласының ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Сағатаев Дамир Нұрланұлы жүргізді. Кітапхана қызметкерлері мекемеде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы әңгімелесіп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелерін түсіндіріп өтті.
Іс-шара соңында барлық қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жадынамасы мен төтенші жағдайларға жауапты мекеме телефондары таратылды.

 

 

Еңбек күні

Кітапхананың оқу залында Еңбек күніне орай «Ер дәулеті – еңбек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Еңбек – адам өміріне қажетті материалдық, рухани және басқа құндылықтарды құруға бағыттталған адамның іс-әрекеті.
Көрмеге кітапхана қорындағы Ө. Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық», «Әр кәсіптің – өз нәсібі бар», С. Қамшыгердің «Кім болам», Қ. Манзураның «Еңбекқор мен жалқау адам», Г. Шалаеваның «Хочу стать поэтом» және әр түрлі кәсіптер туралы материалдар ұсынылған.